"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 4328 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 01.11.2023 № 9/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешіміне (2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4146 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
      Мәслихатының
      XVII сессиясының төрағасы Д. Рогалев
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
      мәслихатының хатшысы Ө. Әмрин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі Қ. Ақсақалов
      2017 жылғы 18 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады