Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 235 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 3946 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37- баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2612 болып тіркелген, 2012 жылы 5 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 1- тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы қаулының 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары 557, 36 шақырым ұзындықта, белдеулері 696,79 шақырым ұзындықта және олардың шаруашылық пайдалану режимі бекітілген "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы", "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасы" және "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамалары негізінде белгіленсін.";

      2) "Каспий теңізінің Атырау бөлігіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері" 1 - қосымшасында:

      бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Бекітілген "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы", "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасы" және "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамаларға сәйкес мыналар белгіленеді:";

      1- тармағының бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Жылыой ауданында 204,60 шақырым ұзындықта, бекітілген "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамаға сәйкес "Теңіз" кен орнының учаскесінен және "Теңіз" кен орнынан солтүстікке қарай (өндірудің лицензиялық аумағының және жабдықтау объектілерін орналастыру бойынша жобалау–барлау жұмыстарына арналған учаскелер) орналасқан учаскелерден басқа 2000 метр болып қабылданады. "Теңіз" кен орны бойынша су қорғау аймағы 46°2'50,809" солтүстік ендік; 53°15'54,353" шығыс бойлық координаттарымен 1-нүктеден 46°11'37,020" солтүстік ендік; 53°20'22,016" шығыс бойлық координаттарымен 2-нүктеге дейін 1000 метр болып қабылданады. "Теңіз" кен орнының солтүстігінде орналасқан учаскеде (өндірудің лицензиялық аумағының және жабдықтау объектілерін орналастыру бойынша жобалау–барлау жұмыстарына арналған учаскелер) су қорғау аймағы координаттары 46°16'41,422" солтүстік ендік; 53°23'34,458" шығыс бойлық 1-нүктеден координаттары 46°19'38,769" солтүстік ендік; 53°25'41,214" шығыс бойлық 2-нүктеге дейін 1000 метр болып қабылданады;";

      2-тармағының бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Жылыой ауданында "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін белгіленген су қорғау белдеуі учаскесінен басқа жерде 280,85 шақырым ұзындықта 50 метрден 198 метрге дейін қабылданады. "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілерінде су қорғау белдеуі 35 метр болып қабылданады және бекітілген "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекарасын белгілеу жобасы" жобалық құжаттамаға сәйкес "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілерінің сыртқы шекараларының бойымен 21,21 шақырым ұзындықта өтетін болады (су қорғау белдеуінің шекараларын жылжыту нүктелерінің координаттары 1-нүктеден (45°51'28,807" солтүстік ендік; 53°9' 47,295" шығыс бойлық) 1/15-нүктеге (45°51'37,608" солтүстік ендік; 53°3'34,799" шығыс бойлық) дейін);".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий

      бассейндік инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________ Г. Азидуллин

      2017 жылғы "29" тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Атырау облысы Қоғамдық

      денсаулық сақтау департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ Ө. Зинуллин

      2017 жылғы "29" тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Энергетика

      министрлігі Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Атырау облысы

      бойынша Экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ Қ. Қапанов

      2017 жылғы "29" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады