2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Атырау облысы Атырау қала әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 2460 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 3996 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласында 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 231 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3800 болып тіркелген, 2017 жылы 24 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.Хасановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Шапкенов

  Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "22" қарашадағы № 2460 қаулысына қосымша
  Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "22" қарашадағы № 2460 қаулысымен бекітілген

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекен атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, (адам)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының бір айдағы мөлшері, (теңге)

3-жасқа дейін

3-тен 7-жасқа дейін


Атырау қаласы

10000      

7648

10154


Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2017 год

Постановление Атырауского городского акимата Атырауской области от 22 ноября 2017 года № 2460. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 29 ноября 2017 года № 3996

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 8-1) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Атырауский городской акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год в городе Атырау, согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Атырау от 10 февраля 2017 года № 231 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3800, опубликовано 24 марта 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Хасанова П.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города С. Шапкенов

  Приложение к постановлению Атырауского городского акимата от "22" ноября 2017 года № 2460
  Утвержден постановлением Атырауского городского акимата от "22" ноября 2017 года № 2460

Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год

Наименование населенного пункта

Государственный образовательный  заказ на дошкольное воспитание и обучение, (человек)

Размер родительской платы в государственных дошкольных организациях в один месяц, (тенге)

до 3-лет

с 3 до 7-лет


город Атырау

10000

7648

10154