Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 11/115-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 20 сәуірде № 4068 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы мәслихатының 11.12.2019 № 58/506-6с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы С. Қуашбай
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Қ. Балабиев

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2017 жылғы 30
наурыздағы № 11/115-V
шешіміне қосымша

Шымкент қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі

№ п/п

Қатынастар

1.

№ 55 "Ынтымақ шағынауданы – Ордабасы алаңы- Ынтымақ шағынауданы"

2.

№ 141 "Қазығұрт (кірпіш зауыты) шағынауданы – Мирас шағынауданы- Қазығұрт (кірпіш зауыты) шағынауданы"

3.

№ 142 "Текесу шағынауданы – темір жол вокзалы- Текесу шағынауданы"

4.

№ 143 "Бадам-2 шағынауданы – жабық базар- Бадам-2 шағынауданы"

5.

№ 144 "Айнатас шағынауданы - темір жол вокзалы- Айнатас шағынауданы"

6.

№ 146 "Жаңаталап шағынауданы – көркем гимнастика мектебі- Жаңаталап шағынауданы"

7.

№ 147 "Көркем гимнастика мектебі – Ақжар, Ақтас шағынаудандары- көркем гимнастика мектебі"

8.

№ 148 "Темір жол вокзалы - Өтеміс, Шапырашты, Абдулабад шағынаудандары- темір жол вокзалы"

9.

№ 149 "Айна базар – Достық-2 шағынауданы- Айна базар"

10.

№ 150 "Темір жол вокзалы- қалалық балалар ауруханасы - темір жол вокзалы"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады