"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерiстер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 тамыздағы № 234 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 4208 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерiстер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына енгізілетін өзгерістер" деген 1-қосымшаның 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады