Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/193-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 10 қарашада № 4258 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1952-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 12 наурыздағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық деңгейде қымбат бағалы медициналық қызметтер және жоғары технологиялы медициналық қызметтер алуы жағдайында жүргізілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Абасов
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Қ.Балабиев

О внесении изменения в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 февраля 2007 года № 30/350-III "О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств"

Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 октября 2017 года № 15/193-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 10 ноября 2017 года № 4258. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28 апреля 2023 года № 2/27-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского областного маслихата от 28.04.2023 № 2/27-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 февраля 2007 года №30/350-ІІІ "О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №1952, опубликовано 12 марта 2007 года в газете "Южный Казахстан") следующее дополнение:

      пункт 2 изложить в следующей редакций:

      "2. На основании решения комиссии управления здравоохранения Южно-Казахстанской области по высокоспециализированной медицинской помощи произвести в условиях получения дорогостоящих медицинских услуг на республиканском уровне и высокотехнологичных медицинских услуг.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата К. Абасов
      Секретарь областного
      маслихата К. Балабиев