Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 28 қарашадағы № 359 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 4324 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйдібек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Бәйдібек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы: Н.Айтбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі

      істер департаменті Бәйдібек аудандық

      ішкі істер бөлімінің бастығы

      полиция полковнигі

      ________________ Д.Панзабеков

      "28" 11 2017 жыл

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
28 қараша 2017 жыл № 359
қаулысына 1-қосымша

Бәйдібек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

      1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Бәйдібек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Оңтүстік Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Бәйдібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

      5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) Бәйдібек ауданының Құрмет грамотасы;

      2) ақшалай сыйақы;

      3) құнды сыйлық.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
28 қараша 2017 жыл № 359
қаулысына 2-қосымша

Бәйдібек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      2. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады