Мақтарал ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 13-107-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 4 мамырда № 4092 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 69-432-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 09.09.2020 № 69-432-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабы 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтарал ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi мен тәртібі 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Мақтарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Б.Жұманов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы: М.Жайлымшиев

  Мақтарал аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 13-107-VI шешіміне 1-қосымша

Мақтарал ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы Мақтарал ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының, 97 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Мақтарал ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін беретін "Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Мақтарал аудандық бөліміне – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz веб-порталына "электрондық үкіметтің" (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішімен жүгінеді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) мекен жай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауыл әкімдерінің анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      6. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.

      7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.

      8. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін (31 желтоқсанға дейін) тағайындалады, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынылады.

      9. Тұрғын үй көмегін алушы немесе оған құқылы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайларды, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы он күн мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлау тиіс.

      10. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі.

      11. Тұрғын үй көмегін алушы немесе өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне жоғары тұрған органдарға немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

      12. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      13. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.

      14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын алу құқығын жоғалтады.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      15. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды және жылуды тұтыну нормаларын қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдынғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;

      3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, жапсырма, есеп-фактурасы) қатты отынды пайдалану нақты шығындарына, бір айға есеп бойынша, бір тұрғын үйге 1000 килограммнан аспайтын тәртібін ала отырып, әлеуметтік норма шығыны 1 шаршы метрге 1 килограмм қатты отын (көмір) болып белгіленеді.

      4) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығындарына бір отбасыға (отбасы 4 адам және одан көп) газ балонды пайдалану бір айға 20 килограмм оның ішінде бір адамға баллон газын тұтыну 5 килограммнан артық емес, орталықтандырылған ыстық судың бар немесе жоқ болуына қарамастан белгіленеді.

4. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      16. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      17. Коммуналдық қызметтердi тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде белгіленеді.

      18. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.

      19. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектердi, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.

      20. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi №512 Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесi негізінде жүргізіледі.

5. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      21. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

  Мақтарал аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 cәуірдегі
№ 13-107-VI шешіміне 2-қосымша

Мақтарал аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-166 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 18 мамыр "Мақтарал" газетінде жарияланған);

      2. Мақтарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-48-V "Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2115 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 16 қазандағы "Мақтарал" газетінде жарияланған);

      3. Мақтарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы № 32-187-V "Мақтарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2724 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 8 тамыздағы шілдедегі "Мақтарал" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады