Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 27 қарашадағы № 311 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 4289 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 тамыздағы № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 152 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 тіркелген, 2017 жылғы 19 шілдеде "Созақ үні" газетінде және 2017 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Әлмағанбет

  Созақ ауданы әкімдігінің
"27" қараша 2017 жылғы
№ 311 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Жергілікті бюджет есебінен

1

Созақ ауданы

3906

3906


  Созақ ауданы әкімдігінің
"27" қараша 2017 жылғы
№ 311 қаулысына 2-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

430,20

470,26


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады