Аудан аумағындағы елді мекендердің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 526 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/113-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 4399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Төлеби аудандық ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:

      1) 433,57 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Алатау ауыл округі бойынша жалпы ауданы - 4174,4 гектар.

      2) 197,90 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аққұм ауыл округі бойынша жалпы ауданы - 1900,67 гектар.

      3) 993,53 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірінші Мамыр ауыл округі бойынша жалпы ауданы - 7299,20 гектар.

      4) 321,91 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Зертас ауыл округі бойынша жалпы ауданы -2022,87 гектар.

      5) 230,45 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қаратөбе ауыл округі бойынша жалпы ауданы - 3834,20 гектар.

      6) 211,32 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қасқасу ауыл округі бойынша жалпы ауданы - 2239,59 гектар.

      7) 540,49 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көксәйек ауыл округі бойынша жалпы ауданы- 2333,7 гектар.

      8) 174,23 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жоғарғы Ақсу ауыл округі бойынша жалпы ауданы- 874,77 гектар.

      9) 137,04 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Тасарық ауыл округі бойынша жалпы ауданы-1437,52 гектар.

      10) 199,03 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қоғалы ауыл округі бойынша жалпы ауданы -2080,15 гектар.

      11) 447,29 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Кемеқалған ауыл округі бойынша жалпы ауданы- 3148,18 гектар.

      12) 359,90 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Киелітас ауыл округі бойынша 1772,7 гектар.

      13) 1198,36 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Леңгер қаласы бойынша 2538,17 гектар.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Ермаханбетова
      Аудан әкімі Б.Парманов
      Аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады