"Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 114 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 5041 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына,, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонайха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов
      әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы
      ______________ Р. Сүлейменов

      2017 жылғы "26" 04

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "27" 04

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "25" сәуірдегі
№ 114 қаулысына қосымша

"Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені,м

Ұзындығы, км

Ауданы,га

Ені,м

1

2

3

4

5

6

7

Холодный ключ бұлағы

4,644

119,47

120-520

4,644

20,92

35-95

Атауы жоқ бұлақ

1,528

61,11

240-535

1,528

10,04

35


      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – "Востокцветмет" өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады