Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Дом отдыха "Лениногорский" ауылын Лесное ауылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 258 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/161-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 5248 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Дом отдыха "Лениногорский" ауылын "Лесное" ауылы деп қайта атау туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 10/6-VI шешімі және Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 332 қаулысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының Дом отдыха "Лениногорский" ауылы Лесное ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия
төрағасы А. Анчугин

Облыс
әкімі                                Д. Ахметов
 

Облыстық мәслихаттың
хатшысы В. Головатюк
 

 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады