"Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 181 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қарашада № 5275 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 27.02.2018 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 – бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабының 2 - тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде "Аудан тынысы" № 17 (688), 2017 жылғы 28 сәуірде "Пульс района" № 17 (7007) аудандық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы";

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" қазан181
қаулысына қосымша

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге шаққандағы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

Балабақшалар, бөбекхана

Шағын-орталықтар

-

19706

-

19276

619

400

21607

19770

9800



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады