Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 134 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 4998 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін жолаушының бір сапарына бірыңғай тариф 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Брагинец
      Глубокое аудандық А. Баймульдинов

      мәслихатының хатшысы                                     "29" _03_ 2017 года
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады