Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 5234 болып тіркелді. Қолданысы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 44/4-VI шешімімен. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/15-VII шешімімен.

      Ескерту. Қолданысы 01.01.2021 дейін тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 44/4-VI шешімімен.
      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 19.03.2021 № 3/15-VII шешімімен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы М. Фараджев
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 15/5-VІ шешімімен бекітілді

Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Глубокое ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Калдықтарды басқаруды жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады