Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 206 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 5030 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 04.05.2020 № 226 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі Т. Қасымжанов

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№206 қаулысына 1 қосымша

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

    Р/с

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

1

"СК-Зайсан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

247

1%

2

"САЙКАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

94

1%

3

"Зайсан-Нұр-Керуен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

42

1%

4

"Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Зайсан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

503

1%

5

"Зайсан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

19

1%

6

"Зайсан қала әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

28

1%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады