"Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 68 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 4898 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
      2. "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
      3. "Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 11 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Бексултановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауданы әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2017 жылғы
" 6 " ақпандағы № 68 қаулысына
қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесі

Рет №

Мүліктің атауы

Мүліктің орналасқан жері

Мүліктің теңгерім ұстаушысы

1

2

3

4

1

Ақшарбақ ауылындағы мектептің бұрынғы ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақшарбақ ауылы
"Ақсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

Өрел ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияның бұрынғы ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 16
"Өрел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

Гараж ғимараты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, № 96 Б
"Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

УАЗ 31605 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі F247PP, 2001 жылы шығарылған, шие түсті, шанақ № 10003281, қозғалтқыш № Н/У
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі, № 4
"Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5

ГАЗ 32213224 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 326 AR16, 1999 жылы шығарылған, ақ түсті, шанақ № 322100Х0142313, қозғалтқыш № Н/У
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі, № 4
"Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады