"Күршім ауданы Күршім, Теректі ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 7/9-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 9/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 мамырда № 5050 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 17/8-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 17/8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 - бабына, бірге қосылған "Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 365 қаулысымен мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/94-VI шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4829 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 30 қаңтарда, "Дидар" газетінің 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 11 (17406) жарияланды), Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің әкімі 2010 жылғы 14 тамыздағы № 1 "Күршім ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-112 нөмірімен тіркелген, "Рауан" газетінің 2010 жылғы 08 қыркүйектегі № 46 жарияланды), Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің әкімі 2010 жылғы 11 қазандағы № 2 "Күршім ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-116 нөмірімен тіркелген, "Рауан" газетінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 61 жарияланды) сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. "Күршім ауданы Күршім, Теректі ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 7/9-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4859 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 03 ақпанда, "Рауан-Заря" газетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 13 жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Күршім ауданы Күршім, Марқакөл ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      1-қосымшада көрсетілген шешімнің сипаттамада I аймағының 3-бағаны жаңа редакцияда жазылсын:

      "Күршім ауылының орталық бөлігі, шекаралық аймағы оңтүстікте Шәкәрім көшесімен, шығыста Білімбаев Нағымбек Қабдуалиұлы көшесімен, солтүстікте Барак батыр көшесімен, батыста әскери бөлімнің аумағымен шекараласады, одан ары "Қойлюбай" шаруа қожалығымен, одан ары Қойлыбай Аңғышбаев көшесінен Шәкәрім көшесіне дейін";

      2-қосымшасында көрсетілген шешімнің жаңа редакцияда баяндалсын, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы Б. Нурумова
      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы М. Сағанақов

  Күршім аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 26 сәуірдегі
№ 9/7-VI шешіміне 1 қосымша
  Күршім аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 7/9-VI шешіміне 2 қосымша

Марқакөл ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ № Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1

Марқакөл ауылының орта бөлігі. Аймақтың оңтүстік-батыс жағы Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойымен оңтүстіктегі Пограничная бұрылысынан солтүстік-батыстағы арыққа дейін шекара өтеді. Одан әрі арықтын сол жақ жағалауының солтүстік-шығысынан арықтың оңтүстік-шығысына қарай және арықтың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай бұрылысқа дейін, монша-кір жуатын комбинаттын солтүстікке қарай өтіп, Акжон өзеніне дейін. Солтүстік-шығысынан шекара Акжон өзенінің оң жақ жағалауынан оңтүстіктегі бұрылысқа дейін өтеді Акжон өзенінің бойынан шекара Пограничная бұрылысының солтүстік жағымен Орта Теректі өзеніне дейін барады

II

0,9

Марқакөл ауылының батыс аймағының бөлігі, Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойында Абылайхан көшесінің оңтүстігі

III

0,9

Марқакөл ауылының шығыс аймағының бөлігі, Акжон өзенінің сол жақ жағалауының бойы

IV

0,72

Марқакөл ауылының оңтүстік аймағының бөлігі, Пограничный бұрылысынан оңтүстікке қарай орналасқан

V

0,7

Марқакөл ауылының солтүстік және солтүстік-батысы, Абылайхан көшесінен солтүстікке қарай орналасқан, Орта Теректы өзенінен оң жақ жағалауы және № 1 шекаралық аймағының жоғары рельефінің солтүстік-батысы

VI

0,6

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, мәдени- тұрмыстық мақсаттағы инженерлік инфрақұрылым объектілері жоқ жерлер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады