Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы мен тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5424 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

            2. "Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 тіркелген, 2015 жылы 03 маусымда "ЛЗ Сегодня" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "04" желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
1-қосымша

Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы

Тура бағыт

Кері бағыт

1

1) Заречное ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) – Центральная көшесі, 1 үйден 50 метр қашықтықтағы алаң.
2) Усть-Таловка кенті – "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Усть-Таловка кенті – "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң. 2) Заречное ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) – Центральная көшесі, 1 үйден 50 метр қашықтықтағы алаң.

2

1) Половинка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) – Достық көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің "ОВ 156/6 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесінен 10 метр.
2) Усть-Таловка кенті - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Усть-Таловка кенті - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Половинка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) – Достық көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің "ОВ 156/6 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесінен 10 метр.

3

1) Березовка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) - Титов көшесі, 21 үй бойынша автобус аялдамасының алаңы.
2) Усть-Таловка кенті - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
3) Березовка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) - Титов көшесі, 21 үй бойынша автобус аялдамасының алаңы.
4) Шемонаиха қаласы - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Усть-Таловка кенті - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "И.М. Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаңы.
2) Березовка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) - Титов көшесі, 21 үй бойынша автобус аялдамасының алаңы.
3) Шемонаиха қаласы - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
4) Березовка ауылы (Усть-Таловка кенттік округі) - Титов көшесі, 21 үй бойынша автобус аялдамасының алаңы.

4

1) Горкуново ауылы (Вавилон ауылдық округі) – Роза Люксембург көшесі, 2 үй бойынша медициналық пункт ғимаратынан 8 метр қашықтықтағы алаң.
2) Сугатовка ауылы (Вавилон ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Сугатовка "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Сугатовка ауылы (Вавилон ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Сугатовка "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаңы.
2) Горкуново ауылы (Вавилон ауылдық округі) – Роза Люксембург көшесі, 2 үй бойынша медициналық пункт ғимаратынан 8 метр қашықтықтағы алаң.

5

1) Кенюхово ауылы (Вавилон ауылдық округі) – Советский көшесі, 30 үй бойынша "Ислам" дүкені ғимаратынан 6 метр қашықтықтағы алаң.
2) Сугатовка ауылы (Вавилон ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Сугатовка "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Сугатовка ауылы (Вавилон ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Сугатовка "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Кенюхово ауылы (Вавилон ауылдық округі) – Советский көшесі, 30 үй бойынша "Ислам" дүкені ғимаратынан 6 метр қашықтықтағы алаң.

6

1) Березовка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Центральная көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.
2) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Березовка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Центральная көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.

7

1) Кандыковка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Рабочая көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.
2) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Кандыковка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Рабочая көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.

8

1) Крюковка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Заречная көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.
2) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Волчанка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Киров жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Кандыковка ауылы (Волчанка ауылдық округі) - Заречная көшесі бойынша автобус аялдамасының алаңы.

9

1) Межовка ауылы (Выдриха ауылдық округі) – Школьная көшесі мен П.Н. Худяков көшесінің қиылысындағы аялдама алаңы.
2) Выдриха ауылы (Выдриха ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Выдриха "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Выдриха ауылы (Выдриха ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Выдриха "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Межовка ауылы (Выдриха ауылдық округі) – Школьная көшесі мен П.Н. Худяков көшесінің қиылысындағы аялдама алаңы.

10

1) Коневка ауылы (Каменев ауылдық округі) - Молодежная көшесі, 2 үй бойынша орналасқан "Коневское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратанан 3 метр қашықтықтағы алаң.
2) Коневка ауылы (Каменев ауылдық округі) – Центральная көшесі, 28 тұрғын үйінен 5 метр қашықтықтағы алаң.
3) Коневка ауылы (Каменев ауылдық округі) – Школьная көшесі, 5 үйі бойынша орналасқан ғимараттан 10 метр қашықтықтағы алаң.
4) Коневка ауылы (Каменев ауылдық округі) – Центральная көшесі, 15 тұрғын үйінен 15 метр қашықтықтағы алаң.
5) Рассыпное ауылы (Каменев ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Рассыпное ауылы (Каменев ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Коневка ауылы (Каменевка ауылдық округі) – Центральная көшесі, 15 тұрғын үйінен 15 метр қашықтықтағы алаң.
3) Коневка ауылы (Каменевка ауылдық округі) – Школьная көшесі, 5 үйі бойынша орналасқан ғимараттан 10 метр қашықтықтағы алаң.
4) Коневка ауылы (Каменевка ауылдық округі) – Центральная көшесі, 28 тұрғын үйінен 5 метр қашықтықтағы алаң.
5) Коневка ауылы (Каменевка ауылдық округі) - Молодежная көшесі, 2 үй бойынша орналасқан "Коневское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратанан 3 метр қашықтықтағы алаң.

11

1) Рулиха станциясы (Каменев ауылдық округі) - Станционная көшесі, 1 тұрғын үйінен 60 метр қашықтықтағы алаң.
2) Рулиха станциясы (Каменев ауылдық округі) - Михайловская көшесі, 30 тұрғын үйінен 25 метр қашықтықтағы алаң.
3) Рулиха ауылы (Каменев ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Рулиха жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Рулиха ауылы (Каменев ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Рулиха жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Рулиха станциясы (Каменев ауылдық округі) - Михайловская көшесі, 30 тұрғын үйінен 25 метр қашықтықтағы алаң.
3) Рулиха станциясы (Каменев ауылдық округі) – Станционная көшесі, 1 тұрғын үйінен 60 метр қашықтықтағы алаң.

12

1) Садовое ауылы (Октябрьское ауылдық округі) - Центральная көшесі, 9 тұрғын үйінен 5 метр қашықтықтағы алаң.
2) Октябрьское ауылы (Октябрьское ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Октябрь "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Октябрьское ауылы (Октябрьское ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Октябрь "Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Садовое ауылы (Октябрьское ауылдық округі) - Центральная көшесі, 9 тұрғын үйінен 5 метр қашықтықтағы алаң.

13

1) Белый Камень ауылы (Разин ауылдық округі) - Центральная көшесі бойынша ауыл клубынан 20 метр қашықтықтағы алаң.
2) Красная Шемонаиха ауылы (Разин ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.

1) Красная Шемонаиха ауылы (Разин ауылдық округі) - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдыңдағы алаң.
2) Белый Камень ауылы (Разин ауылдық округі) - Центральная көшесі бойынша ауыл клубынан 20 метр қашықтықтағы алаң.

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы
"04 " желтоқсандағы
№ 313 -1 қаулысына
2-қосымша

Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі - Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдау заңнамасының талаптарын сақтаумен, өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар реттеледі.

      4. Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиіс.

      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалыcқа шек қою, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайтын уақытша кедергілердің пайда болуы), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілуі тиіс.

      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбір автобусқа, шағын автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен, шағын автобуспен тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқаулықтан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгілейді.

      7. Нұсқаулықты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.

      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.

      9. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналарға жол берілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус, шағын автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе мекеменің, жеке адамның мүлкіне жататын барлық нәрселерді тасымалдауға;

      4) автобуста, шағын автобуста балалар болған кезінде, оның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус, шағын автобус салонынан шығуға;

      5) автобуспен, шағын автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзуге асыруға;

      6) егер ол көлік құралының өздігінен қозғаулын немесе оны жүршізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

      10. Еріп жүруші отырғызу (түсіру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус, шағын автобус есіктері толық жабылғаннан кейін жүргізушіге отырғызу (түсіру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етіледі.

      11. Көлік құралы жақындаған кезде еріп жүрушулер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлігінде болуына жол бермейді.

      12. Еріп жүрушілер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртіпте (кіші балаларды – екі-екіден сапқа тұрғызып) жеткізеді. Отырғызу автобустың, шағын автобустың алдыңғы есігі арқылы жүргізіледі.

      13. Еріп жүрушілер автобусқа, шағын автобусқа отырғызу және одан түсіру, автобус, шағын автобус қозғалысы кезінде және аялдау уақытында балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

      14. Балаларды автобусқа, шағын автобусқа отырғызу еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен автобус, шағын автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында жүргізіледі.

      15. Сапар кезінде еріп жүрушілер балалардың:

      1) саланда тұруына және жүруіне;

      2) есіктер мен терезелерге жантаюына;

      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

      4) қол жүгін өту жолдарына және кіреберістегі (шыға берістегі) алаңдарда орналастыруна;

      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатуына;

      8) жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

      9) есіктерді ашуына;

      10) төбелесуіне, итерісуіне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейді.

      16. Тұрақтау (аялдау) кезінде балаларды автобустан, шағын автобустан шығару алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Автобустан, шағын автобустан бірінші болып еріп жүруші шығады. Тұрақтау (аялдау) кезінде еріп жүруші автобустың, шағын автобустың алдыңғы бөлігінде және балалардың түсуін және содан кейін балалардың жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шықпауын бақылау қажет.

      17. Автобустан, шағын автобустан шыққанда әрбір бала жеке заттарын бір қолмен көтеріп, ал екінші қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиіс. Тепе-теңдікті жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшін иықпен көтеріп жүретін арқа қоржындары мен сөмкелерді оқушылар иықтан шешіп, қолдарына алулары тиіс.

      18. Түсірген кезде еріп жүрушілер балалардың:

      1) есікке қарай қозғалғанда төбелесуіне, итерісуіне;

      2) баспалдақтардан секіруіне;

      3) көлік құралын жолодың жүргінші бөлігінен айналып өтуіне, оған шығуына;

      4) жүргінші бөліктің маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейді.

      19. Түсіргеннен кейін еріп жүрушулер:

      1) жеткізу орнына келген балаларды санап шығады;

      2) ұйымдасқан түрде оларды түсіру орнынан және автобустардың, шағын автобустардың тұрақтау алаңшаларынан еріп жүреді.

      20. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      21. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар, шағын автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.

      22. Бұл автобустардың, шағын автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.

      23. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.

      24. Екi және одан көп автобус, шағын автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.

2. Қорытынды ережелер

      25. Шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады