Батыс Қазақстан облысы бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 296 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 4997 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.10.2022 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумағында такси тұрақтары ұйымдастырылсын.

      2. Орал қаласы мен аудандар әкімдіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес такси тұрақтарын жабдықтау бойынша төменде көрсетілген шараларды қабылдасын:

      1) такси тұрақтары басқа автомобиль тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен немесе қоршаулармен бөлсін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментімен келiсім бойынша белгiленген көгiлдiр түстi "Т" ("Такси") айыру белгiсiмен және арнайы белдеумен белгiлеу;

      2) такси тұрақтарын тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырумен қамтамасыз ету.

      3. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.М.Сатқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.

            6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
_____________М.Аблазимов
29 11 2017ж.

  2017 жылғы 29 қарашадағы
№296
облыс әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы такси тұрақтарының тізбелері
Орал қаласындағы такси тұрақтары

Такси тұрақтарының орындары

1

Желаев ауылы, Агрегатная көшесі "Желаев" дүкеніне қарсы

2

Қонаев шағын ауданы, "Жеңіс" базарына басты кіреберіске қарсы (автотұрақта)

3

Әбілхайыр хан даңғылы, "АзияМолл" сауда үйінің басты кіреберісіне қарсы (автотұрақта)

4

"Астана" шағын ауданы, "Бәйтерек" сауда үйінің басты кіреберісіне қарсы

5

С.Датов көшесі, "Ел ырысы" базарына кіреберісте

6

"Астана" шағын ауданы, "Салтанат Сарайы" (автотұрақта)

7

Әбілхайыр хан даңғылы, "Астана" сауда үйіне қарсы

8

Әбілхайыр хан даңғылы, "Настенька" кафесі

9

Әбілхайыр хан даңғылы, "Болашақ" сауда үйіне қарсы (автотұрақта)

10

С.Датов көшесі, "Променад" сауда үйіне қарсы кіреберісте

11

Гагарин көшесі, "Өнім" базарына қарсы (автотұрақта)

12

С.Датов көшесі, "Мечта" сауда үйіне басты кіреберіске қарсы (автотұрақта)

13

С.Датов көшесі, Автовокзал (автотұраққа кіретін жер)

14

Еуразия даңғылы, "Сити Центр" сауда үйі (автотұрақта)

15

Еуразия даңғылы, "Галактика" сауда ойын-сауық кешеніне қарсы (автотұрақта)

16

Еуразия даңғылы, "Әлем Плаза" сауда үйіне қарсы (автотұрақта)

17

Кердері көшесі, "Суровский" дүкені

18

Чапаев алаңы 1/1, "Орал" теміржол бекетіне басты кіреберіске қарсы автотұрағы

19

Құрманғазы көшесі, "Школьник" сауда үйінің басты кіреберісіне қарсы

20

Достық-Дружба даңғылы, "№1 қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (автотұрақта)

21

Достық-Дружба даңғылы, "Водолей" сауда үйіне қарсы

22

Достық-Дружба даңғылы, "Христос Спаситель" храмына қарсы

23

Сарайшық көшесі, "Эльдивино" сауда ойын-сауық кешеніне басты кіреберіске қарсы

24

Мұхит көшесі, "Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне кіреберіске қарсы

25

Ж.Молдағалиев көшесі, "Атриум" сауда үйіне басты кіреберіске қарсы

26

Достық-Дружба даңғылы, Абай алаңының оң жағында (автотұрақтағы қалташа)

27

Жәңгір хан көшесі, №36 "Талап" дәріханасына қарсы

28

Селекционный ауылы, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне қарсы

29

Круглоозерное ауылы, "Ата-Ана" дүкеніне қарсы

30

Кұрманғазы көшесі, №173 үйіне қарсы

31

Кұрманғазы көшесі, №175 үйі, "Урал" сауда кешеніне қарсы

Батыс Қазақстан облысының аудандарындағы такси тұрақтары

Аудандар-дың атауы

Такси тұрақтарының орындары

1

Ақжайық

1) Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, № 60а үй
2) Тайпақ ауылы, Гагарин көшесі, №27д учаскесі

2

Бөрлі

1) Ақсай қаласы, "Рахат" базарына қарсы;
2) Ақсай қаласы, "21 ғасыр" сауда үйіне қарсы

3

Бөкей ордасы

Сайқын ауылы, орталық базар алаңы

4

Жаңақала

1) Жаңақала ауылы, С.Сапаров көшесі, "Әсемгүл" сауда үйінің алды;
2) Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, "Әсел" мейрамханасы;
3) Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, Емхана ғимаратының алды.

5

Жәнібек

Жәнібек ауылы, Чурин көшесі, №3 үй, автостанция ғимаратының солтүстік жағы

6

Зеленов

1) Переметный ауылы, Мұханбетжанов және Локомотивная көшелерінің қиылысында;
2) Дариян ауылы, М.Шолохов көшесі, №18 үй;
3) Дариян ауылы, Л.Толстой көшесі, №5 үй;
4) Достық ауылы, Бостандық көшесі №12 үй;
5) Достық ауылы, Ж.Молдағалиев және М.Өтемісов көшелерінің қиылысы;
6) Үлкен Шаған ауылы, Абай көшесі, №22 үй;
7) Көшім ауылы, М.Өтемісов көшесі, №38 үй.

7

Казталов

1) Казталов ауылы, орталық базардың артқы жағында Ш.Мерғалиев және У.Жангелдин көшелерінің қиылысындағы алаң,
2) Жалпақтал ауылы, Байқоңыр көшесі, К.Мендалиев атындағы орта мектебі мен орталық стадион арасында.

8

Қаратөбе

Қаратөбе ауылы, Мұхит және Құрманғазы көшелерінің қиылысы

9

Сырым

Жымпиты ауылы, Әйтеке би көшесі, №11үй.

10

Тасқала

1) Тасқала ауылы, Гоголь көшесі, "Шипов" теміржол бекетіне қарсы;
2) Тасқала ауылы, Абай көшесі, автостанция ғимаратының алды.

11

Теректі

Федоровка ауылы, Абай және "Пионерияға 50 жыл" көшелерінің қиылысы;

12

Шыңғырлау

1) Шыңғырлау ауылы, аудандық аурухана маңы, Қазақстан және Шевцов көшелерінің қиылысы;
2) Шыңғырлау ауылы, Құнанбаев және Қлышев көшелерінің қиылысында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады