Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Қадырқұл ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 4996 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қадырқұл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Базартөбе ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Қадырқұл ауылының атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:

      "1" көшесі – "Бақтығали Бисенов" көшесі.

      2. Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Исатаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Базартөбе ауылдық округ әкімі А.Ермуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады