Зеленов ауданының Переметный ауылдық округінің Калинин ауылы, Мұнайшы шағын ауданы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 65 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 4866 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 12.01.2018 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 1-24-384 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Калинин ауылы, Мұнайшы шағын ауданы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Переметный ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жетекші маман (Ф.Мухтарова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Переметный ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Б.Нигметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады