Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 146 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 4865 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 49 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Тасқала ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 50 (елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 03.04.2023 № 49 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

      3. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Әлиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Тасқала аудандық
мәслихатының сессия төрайымы                                           Г.Кенжешева
Аудандық мәслихат хатшысы                                           С.Рахимов
"29" маусым 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады