Теректі ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 120 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 4788 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Теректі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Федоровка ауылы "Тәуелсіздік - Молодежная" аялдамасы - "Бейбітшілік - Молодежная" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 60 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Ақсуат, Пойма, Магистральный ауылдарында "Ақсуат" аялдамасы - "Пойма" аялдамасы - "Магистральный" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      3. "Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      4. "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары В.В.Кушнерге жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Мукаев

      КЕЛІСІЛДІ
Теректі аудандық
мәслихатының сессия төрағасы М.Утешев
Мәслихат хатшысы А.Нургалиев
"13" сәуір 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады