"Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 16291 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 № 1481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11400 тіркелді, 2015 жылғы 7 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрдің
міндетін атқарушы
Э. Әзімова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ___________ С. Жұманғарин

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________ Қ. Балықбаев

      2018 жылғы 5 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 250 бұйрығына
2 қосымша

"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "Электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті алушы құжаттарды порталға жүгінген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күні ішінде.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк осы Стандарттының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің (түпнұсқасының) электрондық көшірмесі;

      3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің (түпнұсқаларының) электрондық көшірмесі;

      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің (түпнұсқасының) электрондық көшірмесі;

      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің (түпнұсқасының) электрондық көшірмесі;

      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің (түпнұсқасының) электрондық көшірмесі;

      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің (түпнұсқаларының) электрондық көшірмесі;

      8) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

      Қызметі беруші көрсетілетін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмады;

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны;

      4) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Републикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым қызметті беруші көрсетілетін басшысының атына, осы мекенжай арқылы беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 022 кабинеті, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-84; 55-87-64.

      Шағым:

      электрондық түрінде портал арқылы, (www.adilet.gov.kz) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайты арқылы,

      қағаз түрінде почта арқылы, немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы қызмет алушыға жіберіледі немесе қызмет берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі, сондай-ақ жауап көрсетілетін қызмет алушының қалауы бойынша шағымда көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету портал арқылы жүзеге асырылады.

      14. Көрсетілетін қызмет алушының ЭСҚ бар болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54. 74-06-19. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Мәліметтер нысаны

      1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды басқаруға жасалған қолданыстағы

      шарттар саны___________________________________

      2) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылармен

      жасалған қолданыстағы шарттар саны_________________

      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің

      тізімі ___________________________________________________________________________

      4) Мұндай ұйымды құқық иеленушілер мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстан

      өңірлерінде білдіруге уәкілеттік берілген тұлғалар туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      5) Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер ______________________________

      6) Ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымның авторлық

      құқық және сабақтас құқықтар саласындағы соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы

      мәліметтер ______________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады