Байланыс формасы

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 11-1-4/10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қаңтарда № 16296 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 16 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11-1-4/10 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің 26.102018 № 11-1-4/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет, есепке қою туралы анықтама (еркін нысанда жасалған) немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің 26.102018 № 11-1-4/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысына сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсатының көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14093 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почта мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы болу керек.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын
есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет



  "Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын
есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан

_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ



      1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық тектеріңізді атаңыз)
      ________________________________________________________________________________
      2. Туған күні ____________________________________________________________________
      3. Туған жері ____________________________________________________________________
      4. Ұлты _________________________________________________________________________
      5. Білімі мен мамандығы, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз ______________________
      ________________________________________________________________________________
      6. Шетелге шығудың мақсаты және күні _____________________________________________
      7. Қазақстан Республикасында бұрынғы тұрғылықты мекенжайы ________________________
      ________________________________________________________________________________
      8. Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы мен телефон нөмірі (e-mail) _______________________
      ________________________________________________________________________________
      9. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, олардың тектері мен мекенжайлары
      _________________________________________________________________________________
      11. Паспорттың нөмірі, қашан және кім берді, қолдану мерзімі __________________________
      12. Паспортқа енгізілген адамдар ___________________________________________________
      13. Паспорттың мерзімін ұзарту және ауыстыру туралы белгілер ________________________
      14. Жергілікті билік берген құжаттардың көшірмелері _________________________________
      15. Ерекше белгілер ______________________________________________________________
      Қолы ________________________ 20___ жылғы "___" _________________________________

  "Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын
есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
нысан

_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ УАҚЫТША ТҰРАТЫН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ



      1. Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда) (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық тектеріңізді атаңыз) ____________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Туған жерi және күнi _____________________________________________________________
      3. Паспорттың №, қашан және кiм бердi _____________________________________________
      4. Паспорттың қолдану мерзiмi және ұзарту туралы белгiлер ____________________________
      ________________________________________________________________________________
      5. Паспортқа енгiзiлген адамдар ____________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi _______________________
      ________________________________________________________________________________
      7. Сапардың мақсаты: _____________________________________________________________
      8. Жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту және тағы басқа ___________________________________
      9. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы және телефон нөмiрi _______________________________
      10. Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты мекенжайы _____________________
      11. Ерекше белгiлер ______________________________________________________________
      Қолы ________________________ 20___ жылғы "___" _________________________________

  "Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын
есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе ұйымының
атауы_______________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының ________________ Елшілігінің Консулдық бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3) .... ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды. ______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________

      Телефоны __________________________________

      Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті

      алушының қолы ____________________________

      20__ жылғы "___" __________________________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11-1-4/10 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығарылғаны туралы жазба немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш және/немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14093 болып тіркелді) 17-тармағында көзделген жағдайлардың болу фактісін дәлелдейтін басқа құжат (болған жағдайда).

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

      3) есепке қою мөрі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почта мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы болу керек.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасынан тыс жерде
тұрақты және уақытша тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарын
есептен алу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе ұйымының атауы
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының ________________ Елшілігінің Консулдық бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ....

      ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті

      алушының қолы ___________________________

      20__ жылғы "___" _________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады