Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларының үлгілік конкурстық құжаттамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 16339 болып тіркелді

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларының үлгілік конкурстық құжаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 24 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қаңтардағы
№ 41 бұйрығымен
бекітілген

Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларының
үлгілік конкурстық құжаттамасы* __________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы

      __________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)

      Шешім № _____ Күні_________

      Конкурстық құжаттама

      __________________________________________________________________

      (сатып алу мәнінің түрі)

      __________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді) ______________________________

      __________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді) ____________________________

      _________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)

      _________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін банк деректемелері

      __________________________________________________________________

      (үйымдастырушының БСН және ұйымдастырушының банк шоты)

      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Конкурстық комиссияның хатшысы __________________________________

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:

      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады);

      2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларының сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды.

      3) конкурсқа қатысуға келісім;

      4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы тауарды ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстың қатысушысын айқындау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемшарттардың тізбсін қамтиды;

      5) тауарды мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.

      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

лот №

Тауардың атауы

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)

лот №



тауардың____атауы



лот бойынша____бөлінген___сома


      3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:

      1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілді ақшалай жарнасын: ұйымдастырушының атауы, БСН, банк деректемелері;

      2) электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі веб-портал) орналастырыла отырып, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі. Электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырыла отырып, қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігі ұсынылған жағдайда қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудын соңғы мерзіміне дейін ұйымдастырушыға ұсынылады.

      3) осы КҚ-ға 2-қосымшада көрсетілген құжаттардың көшірмесі.

      4. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өз мерзімінен кем болмауға тиіс.

      * Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші тарапынан конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға өтінімдердін тіркеу және ресімдеу, конкурсқа қатысуға өтінімдер беру, конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру және конкурстың жеңімпазын анықтау, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару, конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі, әлеуетті жеткізушілерге жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптарды көздейтін конкурстық құжаттаманың ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша болып табылатын Конкурстық құжаттаманың ережелеріне сәйкес ресімделеді.

  Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Лоттар тізбесі (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Конкурстың № ________________________________________

      Конкурстың атауы______________________________________

Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарты (Incoterms 2010-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу мерзімі

Тауарларды жеткізу орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      * Тауарлардың, толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

  Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

Конкурстық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасы

      Конкурстың № _______________________________

      Конкурстың атауы ____________________________

      Лоттың № ___________________________________

      Лоттың атауы ________________________________

Техникалық ерекшелік талаптары

Сипаты

1

Тауардың функционалдық сипаттамалары (негізгі функциясы, мақсаты, пайдалануы, тауарды қолдану саласы көрсетіледі)


2

Тауардың техникалық сипаттамалары (материалдардың, тетіктердің және т.б. толық сипаты, соның ішінде матаның немесе басқа да материалдардың, фурнитураның түсі, түрі, және т.б. көрсетіледі)


3

Тауардың сапалық және пайдалану сипаттамалары (тауардың сапалық және пайдалану сипаттамалары (тауардың қажет етілетін қызмет ету мерзімі, тауарға кепілдіктің болу қажеттілігі және т.б.көрсетіледі)


4

Тауар туралы өзге де мәліметтер (Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (бар болғанда) және тауар туралы өзге де мәліметтер, соның ішінде нормативтік-техникалық құжаттар, қажетті ерекшеліктер, жоспарлар, сызбалар, эскиздер, олар бар болғанда) көрсетіледі)


5

Әлеуетті өнім берушінің өндірістік ресурстарына қойылатын талап (Тауарды жасау кезінде пайдаланылатын меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың болуын растайтын құжаттарды, (мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырылған күннен кейін берілген көрсетілген мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама және (немесе) 1 жылдан кем емес мерзімге жалдау шарты және өндірістік алаңдарды қабылдау және тапсыру актісі) ұсыну туралы талап көрсетіледі)


6

Тауарды жасау кезінде пайдаланылатын өзіндік/жалға алынған өндірістік және (немесе) технологиялық жабдықтардың болуы туралы талап(өзіндік/жалға алынған өндiрiстік және (немесе) технологиялық жабдықтар туралы мәлiметтерді міндетті түрде беру жөнiндегi талаптарды көрсету қажет (тауарды жасау үшiн пайдаланылатын техникалық құжаттама қоса берілген жабдықтардың тiзiмi), меншік құқығын растаушы құжаттар, егер жалға алынған болса кімнен көрсетілсін және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)


7

Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген, өндірістің жай-күйінің талдауын қоса бере отырып, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес сериялық өндіріске сәйкестік сертификатының болуы/болмауы туралы талап


8

Тауарды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе қызметтерге және олар жүргізілетін орынға қойылатын талап (қажет болған жағдайда тауарларды монтаждау, тексеру және сынау үшін қосымша талаптар және т.б. көрсетіледі)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады