Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16377 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 47 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 257-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8750 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 268 (28207) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және жасау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 78-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

      "6-параграф. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді пайдалану тәртібі

      44. Қажет болған жағдайда артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары сынақ орман дақылдарын отырғызу, сондай-ақ ОТП отырғызу үшін қалемшелердің шағын партияларын дайындау мақсатында бақыланатын тозаңдандырудан орман өсімдіктерінің тұқымдарын алу үшін пайдаланылады.

      45. Артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттарында сынақ орман дақылдарында нашар дамыған клондар, зиянкестер мен аурулар зақымдаған жекелеген гүлдемейтін және жеміс бермейтін фенотиптер алып тасталады. Перспективалы емес клондарды алуды қыс кезінде ағаштар ұшарбасының жанасуы басталғанға дейін жүргізіледі.

      46. Орман генетикалық резерваттарында ғылыми ұсынымдар негізінде гендік қорды таза ұстауды және оны сақтауды көздейтін іс-шаралар жүргізіледі.

      47. Мемлекеттік орман қоры аумағында селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12394 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтау қамтамасыз етіледі.".

      2. "Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау және құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 258-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8751 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 268 (28207) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары бекітілсін."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсаттағы объектілерді анықтау және жасау қағидаларында:

      Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексі 77-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау және жасау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді пайдалану тәртібі

      37. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді пайдалана отырып, орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды жоспарлауды ұйымдастыру үшін орман тұқымдарының түсіміне болжам жасалады және ол есепке алынады.

      38. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерде орман тұқымдарының түсіміне болжам жасау және оны есепке алу жөніндегі жұмыстар құрылу жылдары бойынша бөлек-бөлек жүргізіледі.

      39. Орман тұқымдарының күтілетін түсімінің болжамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10346 болып тіркелген) бекітілген Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      40. Түсімге фенологиялық қадағалау, болжам жасау және есепке алу селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің әрбір санатында отырғызылатын және әртүрлі дайындау орындарында өнім беруді олар неғұрлым толық сипаттайтындай етіп орналастырылатын көлемі 0,25-0,5 гектар сынама алаңдарында жүргізіледі.

      Әрбір сынама алаңына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка толтырылады.";

      көрсетілген Қағидалар осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-5) және 18-20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында :

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-20) және 18-20) тармақшаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату мен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де мақсаттарда ағаш кесу тәртiбiмен сүрек босату осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы сомасын есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 588-бабына сәйкес айқындалады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату тәртібі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттiк орман иеленушілер ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға құқығы бар орман пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде, оларға басты, аралық мақсаттарда пайдалану үшiн ағаш кесу мен өзге де ағаш кесуге арналған өздерiнiң өтiнiмдерiн енгiзе отырып, өсiп тұрған сүректi жыл сайын босатуға жиынтық материалдар қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 21-26-тармақтармен толықтырылсын:

      21. Піскен сүрекдіңдер қорларынан құралатын басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді (кеспеағаш қоры) жүргізу кезінде сүрек босату көлемі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау орман орналастыру кезінде айқындалатын және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) бекітетін есептік кеспеағаш шегінде жүзеге асырылады.

      22. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі орманға күтім жасау үшін ағаш кесудің, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық функцияларын жоғалтып бара жатқан екпелерді қайта жаңартумен байланысты ағаш кесудің белгіленген нормаларын басшылыққа ала отырып, орман орналастыру материалдары бойынша айқындалады.

      23. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу, құрылыс объектілері үшін орман алаңдарын тазарту, орман жолдарын тарту және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстардың көлемімен айқындалады.

      24. Орман орналастыру жобаларына енгізілмеген санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу Ағаш кесу қағидаларына сәйкес ұсынылып отырған іс-шараларды негіздей отырып, табиғи және антропогендік сипаттағы жағдайлардың туындау фактілері бойынша тағайындалады.

      25. Орман жолдарын тартуға және өртке қарсы орлар қазуға байланысты ағаш кесу орман орналастыру материалдары және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастырудың бас жоспарлары бойынша тағайындалады.

      26. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің жиынтық материалдарын қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастыру тәртібі

      27. Мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін кеспеағаштар бөлу материалдарының негізінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемінің жиынтық материалдарын (бұдан әрі – жиынтық материалдар) қалыптастырады.

      28. Мемлекеттік орман иеленушілер беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған жергілікті атқарушы органдардың атына ілеспе хат;

      2) жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы;

      3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      4) іріктеп санитариялық мақсатта кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 121-тармағына сәйкес сүрекдіңнің санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы.

      29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген материалдардан басқа, жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемін қарау және бекіту үшін:

      1) кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 150-тармағына сәйкес сүрекдіңнiң санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық тұрақтылығынан айырылған екпелерде отырғызылған сынама алаңдарының жиынтық ведомосы;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесуді қажет ететін екпелердің жиынтық ведомосы;

      4) телімдерді, олардың алаңдарын көрсетіп және сынама алаңдарын енгізе отырып, жаппай санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге белгіленген учаскелерге планшеттен алынған көшірме;

      5) орман өрті туралы хаттама ұсынылады.

      30. Мемлекеттік орман қорының мына санаттарында:

      1) ерекше қорғалатын орман аумақтарында, оның iшiнде:

      мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында;

      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандарында;

      мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандарында;

      мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандарында;

      мемлекеттiк қорық аймақтары ормандарында;

      табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерiнде;

      орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерiнде;

      аса құнды орман алаптарында;

      жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарында;

      орман-жемiс екпелерiнде;

      аса биiк тау ормандарында;

      2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерiнде;

      3) қала ормандарында;

      4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтарында;

      5) эрозияға қарсы ормандарда;

      6) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердің құрылымын қайта жаңартуға байланысты ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін көрсетілген ағаш кесулер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

      31. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ведомствоның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тексеру үшін мемлекеттік орман иеленушілер және филиалдар бойынша материалдар жібереді.

      32. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілердің аумақтық органға ұсынатын материалдары мыналарды қамтиды:

      1) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ілеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес берілетін жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар.

      33. Аумақтық орган ұсынылған ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің материалдарына тексеру жүргізеді және оларды ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде ведомствоға ұсынады.

      Аумақтық орган ұсынатын жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ведомствоның атына ілеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      3) жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ұсынылады.

      34. Мемлекеттік орман иеленушілер және филиалдар бөлінісінде басты, аралық мақсаттарда пайдалану үшін және өзге де мақсаттарда ағаш кесу көлемдерін ведомство ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде жылына бір рет бекітеді. Ағаш кесу көлемдерін түзету бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      35. Аумақтық органдар ағаш кесу көлемдерін жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік орман иеленушілерге жеткізеді.

      36. Ұсынылған материалдар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда ескертулерді жою туралы материалдарды ведомство пысықтау үшін жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге қайтарады.

      37. Пысықталған материалдар оларды ведомство жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге жіберген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.";

      осы тізбеге 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

      4. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/908 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12266 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыстардың түрлерi (стационарлық, далалық, бағдарлық), ерекшелiгi (ботаникалық, орман өсiру, топырақтық және басқалар), басталу және аяқталу мерзiмдерi, ғылыми зерттеулердiң бағдарлары, эксперименттік объектiлердi орналастыру орындары мен көлемдері, сондай-ақ пайдаланудың арнайы режимi, шектеулердiң түрлерi мен мерзiмдерi, көрсетілген жұмыстарды жүргізудің басқа да талаптары белгiленетiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң алаңын көрсете отырып, орман пайдаланудың басқа түрлерiн шектеу немесе оларға тыйым салулар, көрсетілген жұмыстарды жүргiзудiң басқа да шарттары мемлекеттiк орман иеленушімен орман пайдаланушылардың арасында жасалатын ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шартымен және (немесе) орман билетiмен айқындалады.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану кезiнде алынған орман өнiмi (сүрек, жемiстер мен тұқымдар, қалемшелер, екпе көшеттер, көшеттер, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн қажетті бөлiгiн қоспағанда, мемлекеттiк орман иеленушiлердiң меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеу бағдарламасы мен әдiстемесiне сүйене отырып белгiленедi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында және (немесе) орман билетiнде көрсетiледi.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Селекциялық-тұқым
шаруашылығы мақсатындағы
объектілерді анықтау,
құру және пайдалану
қағидаларына қосымша
Нысан

КАРТОЧКА

      Облыс ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік орман иеленуші ________________________________________________

      Фенологиялық байқау жүргізуге арналған сынама алаңының карточкасы

      __________________________________________________________________________

      (ағаш тұқымдасы)

      1. Учаскенің орналасқан жері:

      Орманшылық _____________________________________________________________

      Орам № ___________________

      Телім № _____________________________________________

      Орман тұқымы объектісінің түрі ______________________________________________

      Отырғызылған жылы __________________

      Учаске ауданы ______________________, гектар

      2. Телім сипаттамасы:

      Рельеф___________________________________________________________________

      Орман өсу жағдайларының типі ______________________________________________

      Топырақ және топырақ түзуші жыныс ________________________________________

      Екпе құрамы ________________________________________________________

      Басты жыныс бонитетінің сыныбы _______________________________________

      Басты жыныстың басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық) ______________

      Санитариялық және орман патологиялық жай-күйі ___________________________

      3. Қадағаланатын түр сипаттамасы (жасы, орташа диаметрі, орташа биіктігі):

      __________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
1-қосымша
Нысан

_________________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану кезінде сүрек дайындаудың 20__ жылға арналған көлемі

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:





 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
2-қосымша
Нысан

___________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ арналған көлемі

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

қылқан жапырақты

жарықтан-дыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты 

Жиыны:





      кестенің жалғасы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты

жарықтандыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

жарықтандыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

7

8

9

10

11

12

13

14

15

мемлекеттік орман қорының санаты 










 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
3-қосымша
Нысан

__________ облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл


1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:





 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
4-қосымша
Нысан

___________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу

Жиыны:





су тораптарын, құбыр жолдарын, жолдар салумен байланысты орман алаңдарын тазарту

Жиыны:





орман соқпақтарын салу, өртке қарсы орлар қазу кезінде орман алаңдарын тазарту

Жиыны:





өтімді қалдықтарды жинау

Жиыны:





Барлығы:





 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
5-қосымша
Нысан

____________________________________облысы ___________________________________бойынша (мемлекеттік орман иеленуші) биологиялық орнықтылығын жоғалтқан екпелер құраған сынама алаңдардың жиынтық ведомосі

Орманшылық

Сынақ алаңының №

Орамның №

Телімнің №

Сынамадағы ағаш саны, дана

Басым зиянкестер және аурулар атауларын көрсете отырып, сүрекдіңнің әлсіреу себебі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Сынамадағы жалпы санның пайызға шаққандағы жай-күйі санаттары бойынша ағаштардың бөлінуі

Кесілуі тиіс, пайыз

тұқымды

I

II

III

IV

V

VI

7

8

9

10

11

12

13

14









 
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
6-қосымша
Нысан

____________________________облысы _______________________________ бойынша (мемлекеттік орман иеленуші) жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу қажет етілетін екпелердің жиынтық ведомосі

Орманшылық

Орамның №

Телімнің №

Алаң, гектар

Телімнің қысқаша таксациялық сипаттамасы

құрамы

жасы

толысуы

бонитеті

1

2

3

4

5

6

7

8









Телімнің қысқаша таксациялық сипаттамасы

Сүрек қоры

Орман түрі

Жаңарудың қамтамасыз етілуі

Сүрекдіңнің әлсіреу себебі

орташа биіктігі, метр

орташа диаметрі, сантиметр

1 гектарға

Телімде барлығы

оның ішінде өтімді сүрек

орташа биіктігі, метр

9

10

11

12

13

14

15

16









      Мемлекеттік орман иеленушінің басшысы:

      Инженер-орман патологы (орман қорғау жөніндегі маман)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады