"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1220 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 14.12.2022 № 1220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Генерал-полковник С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 18.07.2019 № 552 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-47) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі заңнаманы қолдануды нақтылайды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік протокол) шетелдік делегациялардың деңгейіне байланысты сапарлар "аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға бөлінеді.

      "Аса жоғары деңгейдегі" сапарларға мемлекеттер немесе үкіметтер басшыларының сапарлары, "жоғары деңгейдегілерге" - сыртқы саяси ведомстволар басшыларының, басқа да ресми адамдардың сапарлары жатады.

      2. Өкілдік шығыстарға шетелдік делегацияларды қабылдау, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, халықаралық бірлескен оқу-жаттығулар мен операциялардың салтанатты және ресми іс-шараларын жүргізу кезінде:

      1) іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдардың тұруын және белгіленген пунктке дейін көліктік шығындарды төлеуге;

      2) ресми қабылдауларға (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар);

      3) кофе-брейктерге (буфеттік қызмет көрсету);

      4) музыкалық сүйемелдеуге;

      5) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар, гүл композицияларын (гүлдер), су сатып алуға;

      6) автокөлік қызметін көрсетуге;

      7) аудармашылардың қызметтерін төлеуге;

      8) залды жалға алуға;

      9) әуежайда делегациялардың ұшып келуі мен ұшып кетуіне қызмет көрсетуге;

      10) сапар шеңберінде делегациялардың, сондай-ақ салтанатты іс-шараларға қатысушылардың музейлерге, мәдени-демалыс ұйымдарына баруына;

      11) залдарды безендіруге;

      12) мәдени, спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына жүлделер, бағалы сыйлықтар сатып алуға;

      13) халықаралық уағдаластықтар бар болған жағдайда (келісім, шарт, меморандум, хаттама) бірлескен халықаралық оқу-жаттығулар мен операцияларды, жарыстарды, Армиялық халықаралық ойындарды өткізу барысында шетелдік делегациялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тамақтануына арналған шығыстар жатады.

2-тарау. Өкілдік шығыстарды пайдалану

      3. Кезекті қаржы жылына арналған бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражат мөлшеріне сүйене отырып, өкілдік шығыстарды талап ететін іс-шаралардың жылдық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) жасалды.

      Құрылымдық бөлімшелер жоспарланатын кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қосу үшін түсіндірме жазбаны және негіздеу құжаттарын қоса бере отырып, Жоспарға ұсыныстар ұсынады.

      4. Өкілдік шығыстарды жоспарлау осы Нұсқаулыққа қосымшада көзделген лимиттер бойынша жүргізіледі.

      5. Жоспардан тыс іс-шаралар жүргізілген жағдайда шығыстар сметасында қаражатты қайта бөлу үшін Жоспардың тармағына сілтеме көрсетіледі.

      6. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу жоспарланған іс-шара жүргізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен ресімделеді.

      7. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) іс-шараны жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;

      2) іс-шараны жүргізу бағдарламасы;

      3) іс-шараға дайындалудың және оны жүргізудің жұмыс жоспары;

      4) іс-шараға қатысушылардың құрамы;

      5) іс-шара шығыстарының әрбір құжатын негіздеумен шығыстар сметалары.

      8. Жоспарда көзделген өкілдік шығыстардың тізбесі, мөлшері мен құны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізіледі.

      9. Іс-шараны жүргізу бағдарламасында ресми қабылдау, кофе-брейк, кәдесый алмасу, делегацияны орналастыратын жер және мәдени ойын-демалыс ұйымдарына, музейлерге бару көзделеді.

      10. Тексеру (инспекциялау) үшін келетін шетелдік инспекциялау топтарын қамтамасыз ету шеңберінде бірге жүретіндер мен аудармашылардың саны инспекциялауды жүргізу тәртібіне байланысты айқындалатын кезде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, делегация құрамы бес адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететін бірге жүретін адамдардың және аудармашылардың саны (ілеспе аудармадан басқа) кемінде делегацияның бес мүшесіне бір аудармашы немесе бір бірге жүруші есебінен айқындалады.

      11. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 24) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Өкілдік шығыстарды есептен шығару шығыстар сметасын, іс-шараны жүргізу бағдарламасын және нақты шығыстарды растайтын құжаттарды (жүкқұжат, орындалған жұмыстар актісі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау актісі) қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде жүргізіледі.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
жауынгерлік, жұмылдыру
дайындығын қамтамасыз ету"
бюджеттік бағдарламасының
"Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
жауынгерлік әзірлігін арттыру"
бюджеттік кіші бағдарламасы
бойынша республикалық
бюджетте өкілдік шығыстарға
көзделген қаражатты пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша

Өкілдік шығыстар лимиті

Р/с
Шығыстар атауы Құны теңгеде

1.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында көзделген қабылдауларды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, делегациялар үшін күніне бір адамға есебінен жүргізіледі

6 500 теңгеге дейін

2.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын делегацияларды қабылдауды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, делегациялар үшін күніне бір адамға есебінен жүргізіледі

13 000 теңгеге дейін

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен қабылдауларды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, күніне бір адамға есебінен

30 000 теңгеге дейін

4.

Кофе-брейктер (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адамға есебінен

1 040 теңгеге дейін

5.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын кофе-брейк (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адамға есебінен

2 500 теңгеге дейін

6.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағат бойынша төлеу есебінен

700 теңгеге дейін

7.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағат бойынша төлеу есебінен

3000 теңгеге дейін

8.

Автомобиль көлігімен шетелдік делегацияларға қызмет көрсетуге арналған көліктік шығындарды төлеу сағат бойынша төлеу есебінен көзделеді

1 200 теңгеге дейін

9.

"Аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегі" сапарларға жататын шетелдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көліктік шығындарды төлеу сағат бойынша төлеу есебінен көзделеді

жеңіл автомобильдер үшін
2000 теңгеге дейін,
шағын автобустар үшін
2500 теңгеге дейін,
автобустар үшін 3200 теңгеге дейін

      Ескертпе: ресми қабылдауларды және кофе-брейктерді өткізу уақытында Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылар саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылар санынан аспауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады