Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16483 болып тіркелді.


      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

      2. Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу (оның электрондық нұсқасын енгізгенге дейін экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.07.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны оны берген кезден бастап мемлекеттік кірістер органы жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей тіркейді.

      4. Жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырыланған жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін қояды.

      4-1. Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрдегі экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналында көрсетілген декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына тіркеу нөмірін қоя отырып тіркейді.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.07.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі мынадай жолмен қалыптастырылады:

      XXXXX/XXXXXX/XXXXXXX, мұнда

      1 2 3

      1-элемент – кедендік мақсатта пайдаланылатын Қазақстан Республикасы

      мемлекеттік кірістер органының кодына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;

      2-элемент – жолаушыларға арналған кедендік декларацияның тіркелген күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);

      3-элемент – ақпараттық жүйеде қалыптастырылған реттік нөмірі.

      6. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам бас тарту себептері мен күні туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы ресімдейді. Бас тарту себептері туралы ақпарат декларантқа электронды нысанда ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жолданады.

      7. Уәкілетті лауазымды адам жолаушыларға арналған кедендік декларацияны оны берген кезден бастап мемлекеттік кірістер органы жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей тіркеуден бас тартады.

      8. Қағаз тасымалдағышында берілген жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту жолаушыларға арналған кедендік декларацияның негізгі формулярының "Қызметтік белгілер үшін" бөлімінде бас тартудың дәлелді себебін және күнін көрсете отырып "... байланысты тіркеуден бас тартылды" деген жазба жасау арқылы уәкілетті лауазымды адаммен ресімделеді. Жазба уәкілетті лауазымды адамның жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

      Тіркеуден бас тарту болып ресімделген жолаушыларға арналған кедендік декларация декларантқа қайтарылады.

  Жолаушыларға арналған
кедендік декларацияны тіркеу
немесе тіркеуден бас тарту
қағидаларына қосымша
  нысан

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналы

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.07.2020 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры)

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды

Тіркеу нөмірі

Декларант (кедендік тасымалдау шы)

Тауардың саны, дана

Жалпы салмағы (брутто), килограмм

Жалпы құны, теңге

Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады