Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16499 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      Министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 27 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      ___________ Т.Сүлейменов

      2018 жылғы "__"_______


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрінің міндетін атқарушы

      ____________ Р. Даленов

      2018 жылғы 26 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 26
ақпандағы № 135 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тапсырыс беруші:

      1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы дайындайды.

      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Жобалау процесінде тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Егер тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға енгізілген түзетулер жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады;

      2) тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын жағдайды қоспағанда, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң) сәйкес іздестіру және (немесе) жобалау жұмыстарын, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін ұйымдарды таңдауды жүзеге асырады және олармен шарт жасасады;

      3) жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді емлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты, құрылыс (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын) немесе реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімді, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш берушімен сауалнама парағын және топографияляқ түсірілімді ұсынған кезде) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды береді;

      4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобаларға тапсырыс беруші сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез-келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды;

      5) жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде ұсынады.

      Сараптаманың оң қорытындысы:

      жобалау алдындағы құжаттаманы белгіленген тәртіпте бекітуге және инвестордың құрылыс объектісін одан әрі қарай инвестициялау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөнінде шешім қабылдауына;

      объектiлер мен олардың кешендерін салуға және өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), инженерлік және көлік коммуникацияларын төсеуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекітуге, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау үшін негіз болады;

      6) жобалау ұйымының сараптама ескертулерін жоюын қамтамасыз етеді;

      7) бас жобалаушыдан саны төрт данадан кем емес қағаздағы және екі данада электрондық жеткізгіштегі жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманың түпкілікті нұсқасын қабылдауды, сақтауды және мердігерге беруді жүзеге асырады, сондай-ақ сараптама өткізген ұйымның мұрағатына тапсырады.".

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларында:

      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кешенді ведомствадан тыс сараптаманы жүргізген сараптамалық ұйымдар – кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен жобалау құжаттамасын (сметалық бөлімсіз) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына ұсыну;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сараптамалық ұйымдардың жобалау құжаттаманы (сметалық бөлімсіз) ұсынуы кешенді ведомствадан тыс сараптамасының оң қорытындысын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.".

      3. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ құрылыс нормаларды және қағидаларды шетел мемлекеттердің стандарттарын, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан, халықаралық және аймақтық ұйымдардың объектілері бойынша.";

      Қағидаларға 2-қосымшада:

      Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесінде":

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;";

      5-тармақтың 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      Қағидаларға 3-қосымшада:

      Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесінде:

      3-тармақтың 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      Қағидаларға 4-қосымшада:

      Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесінде:

      3-тармақтың 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      Қағидаларға 5-қосымшада:

      Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат ету құжаттарының жинақтылығында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат

      ".

      4. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;

      2) эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

      3) құрылыс жобаларын жобалау және сараптау;

      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

      5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалаған кезде олардың эскизін (эскиздік жобасын) келісу талап етілмейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

      2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);

      3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

      4) тік жоспарлау белгілері;

      5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

      6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.

      Реконструкциялау, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдардың тізбесі осы Қағидалардың 3-бөлімінің 5-параграфында келтірілген.";

      39-тармақ алып тасталсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрамдағы және мазмұндағы эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қарайды және келіседі.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлермен келісуге жатпайды.

      49. Сараптама ұйымдарының жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жобалау құжаттаманы (сметалық бөліксіз) ұсынуы арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгізіледі.";

      56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 және 72-тармақтар алып тасталсын;

      осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырсын.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына 5-қосымша

Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ситуациялық жоспар;

      2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;

      3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;

      4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;

      5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;

      6. Инженерлік желілердің жоспарлары;

      7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады