"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16506 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын техникалық талаптар бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 10856 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№266 бұйрығымен бекітілген

2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар

      Декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне кедендік декларацияны тапсыру үшін оны қалыптастыру мақсатында мынадай талаптарға сәйкес:

      1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалар және жіктеуіштер негізінде жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтуы;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматына сәйкес келуі;

      3) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес бағдарламалық өнімдерін пайдалана алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады