Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің жүктеме нормативтері мен санын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16515 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына, сондай-ақ 2014 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 16-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің жүктеме нормативтері мен саны қоса берілген қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Қ.Ә. Сұлтанбаев) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа, Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) және Кадр жұмыс департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      __________________ Т. Дүйсенова

      201_ ж. "____"________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы № 86
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің жүктеме нормативтері мен саны

Лауазымдардың тізбесі

Жүктеме нормативтері мен саны

Механик (электромеханикалық жүйелер мен жабдықтарға қызмет көрсету бойынша)

ІІМ орталық аппаратына 1 бірлік

Қойма меңгерушісі (шаруашылық, сантехникалық және электротехникалық тауарлар, құрылыс материалдарының қоймасы)

ІІМ орталық аппаратына 1 бірлік

Қойма меңгерушісі (заттай мүлiк)

ІІМ орталық аппаратына 1 бірлік

Қойма меңгерушісі (кеңсе тауарларының, құрылғылардың және шығыс материалдарының қоймасы)

ІІМ орталық аппаратына 1 бірлік

Коммуналдық-пайдалану қызметінің бастығы

Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігіне 1 бірлік

Құрылыс жайлар мен құрылыстарды түгендеу технигі

Бөлініс орналасқан әрбір жеке аумағына 1 бірлік

Шаруашылық меңгерушісі

Бар ғимарат кешенінің және оған жататын құрылыстар мен аумақтарына 1 бірлік

Басшының хатшысы (1-ші басшы, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы (департамент, дербес басқарма) 

Басшыға 1 бірлік (қабылдау бөлмесіне 1 бірлік)

Қызметтік үй-жайлар тазалаушысы

Жинайтын аумақтың 250 шаршы метріне 1 бірлік

Өндірістік үй-жайлар тазалаушысы

Жинайтын аумақтың 900 шаршы метріне 1 бірлік

Аумақты тазалаушы (аула тазалаушысы)

Жинайтын аумақтың 3000 шаршы метріне 1 бірлік

Бағбан

30000 шаршы метріне 1 бірлік

Ағаш ұстасы

Ғимараттың жалпы аумағының 10000 шаршы метріне 1 бірлік

Слесарь-сантехник

Ғимараттың жалпы аумағының 5000 шаршы метріне 1 бірлік

Электр жабдықтарын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша электромонтер

Ғимараттың жалпы аумағының 2700 шаршы метріне 1 бірлік

Ғимараттар, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу мен қызмет көрсету бойынша жұмысшы

Ғимараттың жалпы аумағының 10000 шаршы метріне 1 бірлік

Бақылау-өлшеу жабдықтары және автоматика жөніндегі слесарь

Ғимараттың жалпы аумағының 5500 шаршы метріне 1 бірлік

Электрлі-газ пісіруші

Ғимараттың жалпы аумағының 100000 шаршы метріне 1 бірлік

Ағаш шебері

Жиһаздың 1250 бірлігіне қызмет көрсетуге 1 бірлік

Лифтер

Лифтілерді дербес пайдалану кезінде 1 бекетке ауысымда 1 бірлік

Гардеробшы

Гардеробқа 1 бірлік, гардеробтағы орын саны 500-ден артықболғанда қосымша 1 бірлік

Инспектор (өткізу режимінің, өткізу бюросының), келушілерді есепке алу және тіркеу техниктері

8 сағаттық жұмыс кестесі кезінде постқа 1,57 бірлік
12 сағаттық жұмыс кестесі кезінде постқа 2,35 бірлік
16 сағаттық жұмыс кестесі кезінде постқа 3,14 бірлік
24 сағаттық тәулік бойы жұмыс кестесі кезінде постқа 4,7 бірлік

Кір жуу бойынша машинист

ІІМ орталық аппаратына 1 бірлік

Комендант

Жеке тұрған бір ғимаратқа және оған жататын құрылыстар мен аумақтарға 1 бірлік

Механизатор, тракторшы

Арнайы техника жұмысының жылына 612 мото-сағатына немесе нарядта болудың 900 машина-сағатына 0,5 бірлік

Аккумуляторшы, вулканизаторшы, шина жөндеушісі, автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь, жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу бойынша слесарь, отын арматурасы бойынша слесарь, инжекторды жуу бойынша слесарь, слесарь-шанақшы, агрегат цехының слесарі, токарь, автоэлектрик, электрлік-газ пісіруші, моторист, мысшы, диагностика жүйесінің және геометриялық параметрлер операторы, автокөлікті қабылдау және тапсыру бойынша жұмысшы, шанақшы-сырлаушы, тежегіш дискілерін қашап өңдеу бойынша слесарь, жүк автомобильдерінің слесарь моторисі

Түрлері бойынша:
Кіші және орта сыныпты автомобиль – 1 млн. км жүрген жолға 2 бірл.;
Барлық сыныпты автобустар – 1 млн. км жүрген жолға 4,7 бірл.;
Бортты автомобиль – 1 млн. км жүрген жолға 2,7 бірл;
трактор жәнешағын тиегіштер – 10 мың мото-сағатқа 1,32 бірл.

Көлік жуу операторы

Жуу қондырғысы бар болғанда автокөлік шаруашылығына 1 бірлік

Жылжымалы құрамның жуушы-тазалаушысы

Жылжымалы құрамның 1 бірлігіне 0,035 бірл.

Ат күтуші

5-10 қызметтік жылқыға 1 бірлік

Қызметтік иттер бастаушысы

20 қызметтік итке 1 бірлік

Қызметтік иттер асханасының аспазшысы

Кинологиялық қызмет орталығына 1 бірлік

Фельдшер, медбике

Жүргізуші құрамының саны 50 адамға дейінгі автокөлік шаруашылығына 0,5 бірлік;
Жүргізуші құрамының саны 50 адамнан асқан автокөлік шаруашылығына 1 бірлік

Фельдшер

Уақытша ұстау изоляторына 1 бірлік

Кастелянша

Уақытша ұстау изоляторына 1 бірлік

Дезинфектор

Уақытша ұстау изоляторына 51 орынға дейінгі толтыру лимитінде 0,5 бірлік;
Уақытша ұстау изоляторына 51 орыннан астам толтыру лимитінде 1 бірлік

Баспахана бастығы

1 бірлік

Техникалық редактор

1 бірлік

Түптеуші

3 бірлік

Баспашы

1 бірлік

Технолог

1 бірлік

Көркемдік редактор

1 бірлік


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады