Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16571 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы (Итимгенов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекітілген

"Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аумақтық филиалдары заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдарына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдары көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының коллекторлық агенттіктердің тізілімінде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы мәліметтерді ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

      Көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалына өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (болған кезде);

      3) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшы (қатысушы) заңды тұлға туралы мәліметтер.

      Жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы ақпаратты ашу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады;

      4) құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға туралы мәліметтер өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;

      5) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туарлы мәліметтер;

      6) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін;

      7) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер.

      Осы тармақта көзделген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп және тігіліп ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қол қоюымен расталады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетуге жататын дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты ұсыну;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерлерінің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғаның Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгіну;

      5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптардың сақтамауы.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынады не өзінің атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының атына;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалының толық атауы)
кімнен _____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы) Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері және нақты

      мекенжайы________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, офисінің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (телефоны, факс нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар

      саны:___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін

      қызметті берушінің аумақтық филиалына өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша

      ақпарат пен құжаттардың уақтылы ұсынылғанын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (қолы)

      20__ жылғы "___" _____________

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлға туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      20 __ жылғы "___" __________

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы)_____

      ____________________________________________________________________

                        (толық атауы)

      2. Орналасқан жері _____________________________________________

                  (пошталық индексі, мекенжайы, телефоны мен факсының нөмірі,

      ____________________________________________________________________

      бар болса электрондық поштасының мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _____________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      5. Резиденттігі__________________________________________________

      6. Қызметінің негізгі түрі _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Заңды тұлғалардың толық атауы мен тұрған жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне құрылтайшы (қатысушы), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер _____________________________________.

      9. Ұйымдардың толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер __________________________________________.

      10. Қаржы нарығын және қарыжы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұдан бұрын коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер_______________

      ____________________________________________________________________

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер ________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20__ жылғы "___" _____________

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-кесте. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылайтын тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттігі

Атауы

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері)

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұдан бұрын коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер

Қызмет түрінің сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы

жеке

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы

коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің санына

бірлескен

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (пайызбен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

14

15

16

17

18

19







      Ескертпе:

      1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының, (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін жеке тұлғалары туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі.

      2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер)

Бақылау негізі

Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 пайызынан астамын иеленетін ұйымдар туралы мәліметтер

ұйымның атауы

акцияларды иелену (жарғылық капиталындағы) үлесі

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      3-бағанда алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болуы немесе жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтыны немесе ұшырағаны (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер иә деп жазылса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________________________________ ____________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" _________

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша
нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы
мәліметтер ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      20 __ жылғы "___" _____________

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы)

      ________ _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      2. Туған күні ______________________________________________________________

      3. Азаматтығы _____________________________________________________________

      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      5. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

      6. Тұрғылықты жері ________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы,

      __________________________________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      7. Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      ________________ _________________________________________________________

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 __ жылғы "___" _____________

      Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) қолы ___

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша
нысан

Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің лауазымы және коллекторлық агенттіктің
атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәлiметтер:

 Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

__________________________________________________________
__________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

__________________________________________________________
__________________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

__________________________________________________________
__________________________________________________________
(елді мекенінің кодын қосқанда, толық мекенжайды, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

__________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Басшы жұмыскердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

      Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы жұмыскердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күн, ай, жыл)

Жұмыс орны (ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер: 

Кезеңі  (күн, ай, жыл)

Мемлекеттік қызмет органының атауы

Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер

Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату)

1

2

3

4

5






      6. Жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық ұзушылықтың,

      __________________________________________________________________________

      қылмыстың сипаттамасы

      __________________________________________________________________________

      жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      7. Бұдан бұрын басшы жұмыскер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер_________________

      (иә (жоқ),

      __________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

      8. Бұдан бұрын басшы жұмыскер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер

      ________________

      (иә (жоқ),

      __________________________________________________________________________

      жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      9. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болғаны-болмағаны туралы мәліметтер

      _______________

      (иә (жоқ)

      __________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      10. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны-болмағаны туралы мәліметтер_________________________

      (иә (жоқ)

      __________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      11.  Басшы жұмыскер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма ____________________________

      (иә (жоқ)

      __________________________________________________________________________

      есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған

      __________________________________________________________________________

      ұйымның атауы)

      12. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер ____________________________________

      (иә (жоқ) босатылған күні

      13. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер

      _________________________________________

      (иә (жоқ) босатылған күні

      __________________________________________________________________________

      және коллекторлық агенттіктің атауы

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      20 __ жылғы "___" _____________

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын қызметкерлер туралы мәліметтер

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы __________________________________________

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес - олар қашан және қандай себеппен өзгергенін көрсету)

Туған күні және жері

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері (елді мекенінің кодын қоса алғанда, толық мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

Білімі, оның ішінде техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі

Жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (иә (жоқ)

Коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған (иә (жоқ)

Психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған (иә (жоқ)

Мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған (иә (жоқ)

Бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметімен байланысты болған (иә (жоқ)

Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған (иә (жоқ)

Осы ақпаратты өзім тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін (қызметкердің қолы)

9

10

11

12

13

14

15








      Ескертпе:

      1. 8-бағанда лауазымдық міндеттерін, кәсіби дағдыларын көрсете отырып, басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.

      2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар,

      сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтыны немесе ұшырағаны (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер иә деп жазылса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

      3. 10-бағанда егер қызметкер бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер иә деп жазылса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.

      4. 11-бағанда егер иә деп жазылса, есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 12-бағанда егер иә деп жазылса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күні көрсетіледі.

      6. 13-бағанда егер иә деп жазылса, мемлекеттік қызметтің тоқтатылған күні көрсетіледі.

      7. 14-бағанда егер иә деп жазылса, босатылған күні және коллекторлық агенттіктің атауы көрсетіледі.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________________________________ ____________

                        тегі, аты, әкесінің аты                               (ол бар болса)

      _______________

                  қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________

  "Коллекторлық агенттіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 7-қосымша
нысан

Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер

Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы

Тұрған жері және нақты мекенжайы

Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні)

1

2

3

4






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады