Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16586 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 436-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның қағаз және электронды көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Әбдірахманов

 

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов _______________

      2018 жылғы "___"__________

 

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      Р. Дәленов _______________

      2018 жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 ж 23 ақпандағы
№ 11-1-4/66-2 бұйрығына
1-қосымша

Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі

      1. Аустрия Республикасының Елшілігі.

      2. Америка Құрама Штаттарының Елшілігі.

      3. Армения Республикасының Елшілігі.

      4. Әзербайжан Республикасының Елшілігі.

      5. Беларусь Республикасының Елшілігі.

      6. Бельгия Корольдігі Елшілігі.

      7. Болгар Республикасының Елшілігі.

      8. Бразилия Федеративтік Республикасының Елшілігі.

      9. Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі.

      10. Ватикан (ҚасиеттіТақ) Елшілігі.

      11. Венесуэла Боливариан Республикасының Өкілдігі.

      12. Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі.

      13. Грек Республикасының Елшілігі.

      14. Грузия Елшілігі.

      15. Жапония Елшілігі.

      16. Израиль Мемлекеті Елшілігі.

      17. Индонезия Республикасының Елшілігі.

      18. Иордан Хашимит Корольдігі Елшілігі.

      19. Ирак Республикасының Елшілігі.

      20. Иран Ислам Республикасының Елшілігі.

      21. Испания Корольдігі Елшілігі.

      22. Италия Республикасының Елшілігі.

      23. Канада Елшілігі.

      24. Корей Республикасының Елшілігі.

      25. Куба Республикасының Елшілігі.

      26. Кувейт Мемлекетінің Елшілігі.

      27. Қатар Мемлекетінің Елшілігі.

      28. Қырғыз Республикасының Елшілігі.

      29. Қытай Халық Республикасының Елшілігі.

      30. Латвия Республикасының Елшілігі.

      31. Ливан Республикасының Елшілігі.

      32. Ливия Елшілігі.

      33. Литва Республикасының Елшілігі.

      34. Мажарстан Елшілігі.

      35. Македония Республикасының Елшілігі.

      36. Малайзия Елшілігі.

      37. Марокко Корольдігінің Елшілігі.

      38. Моңғолия Елшілігі.

      39. Мысыр Араб Республикасының Елшілігі.

      40. Нидерланд Корольдігінің Елшілігі.

      41. Норвегия Корольдігінің Елшілігі.

      42. Оман Сұлтандығының Елшілігі.

      43. Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі.

      44. Өзбекстан Республикасының Елшілігі.

      45. Палестина Мемлекетінің Елшілігі.

      46. Польша Республикасының Елшілігі.

      47. Португалия Республикасының Елшілігі.

      48. Ресей Федерациясының Елшілігі.

      49. Румыния Елшілігі.

      50. Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі.

      51. Сербия Республикасының Елшілігі.

      52. Словак Республикасының Елшілігі.

      53. Тәжікстан Республикасының Елшілігі.

      54. Таиланд Корольдігінің Елшілігі.

      55. Түркия Республикасының Елшілігі.

      56. Түрікменстан Елшілігі.

      57. Украина Елшілігі.

      58. Үндістан Республикасының Елшілігі.

      59. Финляндия Республикасының Елшілігі.

      60. Француз Республикасының Елшілігі.

      61. Хорватия Республикасының Елшілігі.

      62. Чех Республикасының Елшілігі.

      63. Швейцария Конфедерациясының Елшілігі.

      64. Эстония Республикасының Елшілігі.

      65. Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығы.

      66. Алматы қаласындағы Мажарстанның Бас консулдығы.

      67. Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы.

      68. Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.

      69. Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.

      70. Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы.

      71. Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасының Бас консулдығы.

      72. Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы.

      73. Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығы.

      74. Алматы қаласындағы РесейФедерациясының Бас консулдығы.

      75. Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.

      76. Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.

      77. Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас консулдығы.

      78. Алматы қаласындағы Швейцария Конфедерациясының Бас консулдығы.

      79. Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы.

      80. Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.

      81. Астана қаласындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесі.

      82. Азиялық Даму Банкінің өкілдігі.

      83. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы.

      84. Аустрия Республикасы Елшілігінің Сауда бөлімі.

      85. Біріккен ҰлттарҰйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі.

      86. Біріккен ҰлттарҰйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ).

      87. Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелер іжөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) кластерлік бюросы.

      88. Біріккен ҰлттарҰйымының Даму бағдарламасы.

      89. Болгар Республикасы Елшілігінің Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызметі (СЭМҚ). 90. Дүниежүзілік Даму Банкінің өкілдігі

      91. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨ АҮО).

      92. Еуразиялық даму банкінің өкілдігі.

      93. Еуропалық Одақтың өкілдігі.

      94. Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдігі.

      95. Ислам Даму Банкінің өкілдігі.

      96. Италия Республикасының Әскери Атташе Кеңсесі.

      97. Қытай Халық Республикасы Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімі.

      98. Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Сауда бөлімі.

      99. Орталық Азия Университеті.

      100. Ресей Федерациясы Елшілігінің Сауда өкілдігі.

      101. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).

      102. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ).

      103. Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 ж 23 ақпандағы
№ 11-1-4/66-2 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12036 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 11-1-2/347 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14193 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 қазанда жарияланған);

      3. "Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-2/295 және "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 11-1-2/277 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 тамызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады