Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16598 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 411-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 292 бұйрығымен
бекітілген

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттарды тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 17.06.2019 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған (бұдан әрі – кедендік, өзге құжаттар және (немесе) мәліметтер) тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету тәртібін айқындайды.

2-тарау. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерге тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету тәртібі

      2. Кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаны кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберу жолымен хабардар етеді, сондай-ақ қажет болған кезде Кодекстің 426-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратады және алады.

      3. Кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексерудің аяқталуы бойынша мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарламаны жолдайды.

      4. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген хабарламалар төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жолданады және оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаға мынадай жағдайларда:

      1) хабарламамен тапсырыс хатпен почта бойынша – оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлға почта операторының хабарламасында белгі қойған күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада хабарламаны жеткізген күннен бастап табыс етілген деп саналады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген хабарламалар электрондық тәсілмен:

      "Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 321 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықытық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16596 болып тіркелген);

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабында белгіленген тәртіпте электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген тексерілетін оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаға жолданады.

  Кедендік декларацияға қатысты
кедендік, өзге құжаттарды және
(немесе) мәліметтерді, кедендік
декларацияда мәлімделген
мәліметтерді растайтын
құжаттарды, кедендік
декларацияларда мәлімделген
және (немесе) мемлекеттік
кірістер органдарына ұсынылған
құжаттардағы мәліметтерді
тауарлар шығарылғаннан кейін
басталған тексеруді жүргізу
туралы, сондай-ақ осындай
тексеру жүргізудің нәтижелері
туралы тұлғаны хабардар ету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы хабарлама

      "____" ___________________ 20___ жыл                   № _____________

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы

      кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)

      411-бабы 2-тармағына сәйкес ________________________________

                              (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оған қатысты осындай тексеру жүргізілетін

      тұлғаның толық атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН / БСН)

      №_____________кедендік декларация (лар) бойынша кедендік, өзге құжаттарды

      және (немесе) мәліметтерді тексеру жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

      Кодекстің 426-бабының негізінде осы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс

      күнінен кеш емес мерзімде кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті мынадай

      құжаттарды және (немесе) мәліметтерді табыс етуді сұраймыз:

      1._________________________________________________________

      2._________________________________________________________

      3._________________________________________________________

      4._________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      __________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Кедендік декларацияға қатысты
кедендік, өзге құжаттарды және
(немесе) мәліметтерді, кедендік
декларацияда мәлімделген
мәліметтерді растайтын
құжаттарды, кедендік
декларацияларда мәлімделген
және (немесе) мемлекеттік
кірістер органдарына ұсынылған
құжаттардағы мәліметтерді
тауарлар шығарылғаннан кейін
басталған тексеруді жүргізу
туралы, сондай-ақ осындай
тексеру жүргізудің нәтижелері
туралы тұлғаны хабардар ету
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарлама

      "____" ___________________ 20___ жыл                   № _____________

      __________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 326-бабына және 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 411-бабына сәйкес кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру жүргізу туралы

      "___"_____20____ жылғы № __________ хабарламаның негізінде

      Сізге______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оған қатысты осындай тексеру жүргізілген

      тұлғаның толық атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН / БСН)

      1)____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      кедендік декларацияға, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге (тіркеу нөмірлерін, деректемелердің күнін және ұсынылған құжаттардың атауын көрсете отырып) қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру жүргізілгені туралы хабарлайды.

      Тексеру нәтижелері бойынша:


Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтар ____парақта.

      Осы хабарлама өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілген адамға жіберіледі.

      Сонымен қатар, Кодекстің 417-бабы 3-тармағына және 418-бабының 10-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын ақпарат кедендік тексеру жүргізу үшін негіз болып табылуы мүмкін екенін хабарлаймыз.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      (басшының орынбасары)

      __________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады