Қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 наурызда № 16606 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 698-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-1/1133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12792 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      20___ жылғы "___" _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      20___ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы № 92
бұйрығына 1-қосымша

Қосалқыларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелері үшін орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) тізбесі

Атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушысы коды

1.

Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

10.9

2.

Ағаш ыдыстарды өндіру

16.24

3.

Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру

17.21

4.

Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру

17.29

5.

Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру

20.15

6.

Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

20.20

7.

Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру

22.22

8.

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру

25.92

9.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.12

10.

Электрлі жабдықтарды жөндеу

33.14

11.

Өзге де жабдықтарды жөндеу

33.19

12.

Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу

33.20

13.

Суды жинау, өңдеу және бөлу

36.0

14.

Кәріз жүйесі

37.0

15.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11

16.

Қауіпті қалдықтарды жинау

38.12

17.

Қалдықтарды өңдеу және жою

38.2

18.

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

19.

1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы

41.20.2

20.

Су имараттарының құрылысы

42.91

21.

Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары

43.12

22.

Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

43.2

23.

Әрлеу жұмыстары

43.3

24.

Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43.9

25.

Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу

45.2

26.

Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.11

27.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

49.41

28.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

29.

Тасымалдау кезіндегі қосалқы қызмет түрлері

52.2

30.

Ақпараттық қызметтердің жұмысы

63

31.

Техникалық сынақтар мен талдаулар

71.20

32.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру

73.12

33.

Ветеринарлық қызмет

75

34.

Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру

77.12

35.

Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру

77.31

36.

Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру

77.32

37.

Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59.9

38.

Компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу

95.11

39.

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

95.12

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы № 92
бұйрығына 2- қосымша

Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі

Атауы

Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер сыныптауышы коды

1.

Маусымдық дақылдар

01.1

2.

Көп жылғы дақылдар

01.2

3.

Өсімдікті материалдар; тірі өсімдіктер; баданалар, түйіндер мен тамырлар; сұлама бұтақтар және қалемшелер; саңырауқұлақты жерлер

01.3

4.

Тірі малдар және мал шаруашылығы өнімдері

01.4

5.

Балық және басқа да балық аулау өнімдері; аквадақылдар;

03.0

6.

Тас, құм және саз

08.1

7.

Малға арналған дайын азық

10.9

8.

Ағаш ыдыс

16.24

9.

Қағазды және қатырма қағазды ыдыс

17.12.3

10.

Моторлық отын (жанармай, соның ішінде авиациялық)

19.20.21

11.

Газойли (дизель отыны)

19.20.26

12.

Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар

20.15

13.

Пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер

20.2

14.

Желімдер

20.52

15.

Майлайтын материалдар; жапсырмалар; антифриздар

20.59.4

16.

Резеңке бұйымдар

22.1

17.

Пластмассадан жасалған бұйымдар

22.2

18.

Плиткалар және қыштан жасалған плиткалар

23.31.1

19.

Қышты құрылыс кірпіштер, еденге арналған блоктар, салмақ түсетін блоктар немесе толтырылатын блоктар және отқа төзімсіз қышқа аналогты бұйымдар

23.32.11

20.

Цемент, әк және ғаныш

23.5

21.

Бетоннан, ғаныштан және цементтен жасалған бұйымдар

23.6

22.

Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырларға арналған қуыс профильдер мен фитингтер

24.2

23.

Металл конструкциялар

25.1

24.

Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер

25.2

25.

Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар және электр таратушы және реттеуші аппаратура

27.1

26.

Аккумуляторлар мен батареялар

27.2

27.

Оқшауланған сымдар мен кабелдер

27.3

28.

Электр жарықтандыру жабдықтары

27.4

29.

Өзге де электр жабдықтары

27.9

30.

Жалпы мақсаттағы машиналар

28.1

31.

Өзге де жалпы мақсатқа арналған жабдықтар

28.2

32.

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар

28.3

33.

Тамақ өнімдерін, сусындарды өңдеуге арналған жабдық

28.93

34.

Автомобильдер

29.1

35.

Автомобиль шанақтары; тіркемелер және жартылай тіркемелер

29.2

36.

Автомобильдердің бөліктері мен керек-жарақтары

29.3

37.

Аэростаттар (ауа шарлары, дирижабльдер; планерлер, дельтапландар және басқа да моторсыз ұшу аппараттары)

30.30.20

38.

Ұшақтар және бос салмағы 2000 кг артық емес өзге де ұшу аппараттары

30.30.32

39.

Ұшақтар және бос салмағы 2000 кг болатын, бірақ 15000 кг жоғары емес өзге де ұшу аппараттары

30.30.33

40.

Кәсіпшілік кемелер және өзге де мамандандырылған кемелер

30.11.3

41.

Табиғи су

36.00.1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады