"Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.02.2019 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12773 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193 және 194-жолдармен толықтырылсын:

      "

142.

"Алматы облыстық ерікті мүгедек балалар қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

143.

"КӨМЕК-АСТАНА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

144.

"Арман-қала" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

145.

"Астана қаласының "Вектор Надежды" ерікті мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

146.

"Север-капитал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

147.

"Сервис плюс" агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

148.

"Астана қаласының жұмыс істейтін мүгедектер қауымдастығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

149.

"Қазмедсервис плюс" мүгедектер қоғамы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

150.

"ЖӘРДЕМ-СЕНІМ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

151.

"TNG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

152.

"Достар 2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

153.

"Таңсәры+" кәсіпкер мүгедектер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі;

154.

"Нұр" Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Нұр Самғау" корпоративтік қоры;

155.

"Көмек-ПВ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

156.

"Мойымайтын мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ ПАВЛОДАР" корпоративтік қоры;

157.

"Павлодар қаласының Ауған соғысы мүгедектерінің одағы" қоғамдық бірлестігі;

158.

"АҚҚУ-ИНВЕСТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

159.

"Магистраль Терминал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

160.

"Мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

161.

"Ардагер" Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің Алматы қаласындағы қоғамдық бірлестігі;

162.

"Семей аумақтық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

163.

"Сенім" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

164.

"Ақтөбе облысы мүгедектерін қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігі;

165.

"ІНЖІР" мүмкіндіктері шектеулі адамдар ұйымы" қоғамдық бірлестігі;

166.

"Алматы қаласы Медеу ауданының Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің ерікті қоғам-бауырластығы" қоғамдық бірлестігі;

167.

"Сердечное тепло – Жүрек Жылуы" қоғамдық бірлестігі;

168.

"АМАНАТ" Шет ауданының мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

169.

"АҚ САУЫТ" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

170.

"Жомарт 2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

171.

"Кoktem-2016" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

172.

"Алгабас А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

173.

"СТС Азия Групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

174.

"Намыс" жоғары білімі бар мүгедектер қоғамдық бірлестігінің" "Мадикон-Ю" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

175.

"Жаңа әлеуметтік технологиялар" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

176.

"ФармМедЭкс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

177.

"Саурық мүгедектер қоғамы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

178.

"АУПП №2 ОО ОНИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

179.

"СТАТУС КРОИВА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

180.

"Болашаққа сенім" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

181.

"Имидж Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

182.

"ММҚ" ҚБ "Ерекше Таңдау" корпоративтік қоры";

183.

"Братское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

184.

"Медет-Павлодар" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

185.

"Үміт-Надежда" тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

186.

"Бердібек" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

187.

"Отырар ауданының мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

188.

"Шымкент қалалық мүгедектер бірлестігінің мамандандырылған кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

189.

"Зағип жандар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

190.

"Жігер" Қызылорда облысы мүгедектерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

191.

"Жаңалык сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

192.

"ДЕМЕУ ҚАМҚОР" қоғамдық бірлестігі;

193.

"Целиноград ауданының "Болашақ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

194.

"МҮГЕДЕКТЕРДІ ҚОЛДАУ KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидаларында:

      3-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйым енгізіледі".

      4-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жалақысы, мүгедектік тобы (бар болса) және жеке сәйкестендiру нөмiрі көрсетілген тізімі";

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 5 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады