"Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 наурызда № 16658 болып тіркелді. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 6234 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған, № 16) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау ережесіне:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасымен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, тек уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы ғанапатент алу және оны күшінде ұстау жөніндегі істерді жүргізеді, апелляциялық кеңеске қарсылықтарды береді және олардың қаралуына қатысады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша оның аумағынан тыс жүрген жеке тұлғалар өтінім бойынша іс жүргізумен және патент алумен байланысты істерді, хат алмасу үшін Қазақстан Республикасы шегіндегі мекен-жайды көрсете отырып, патенттік сенім білдірілген өкілсіз жүргізеді.

      Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес патент беруге өтінім бір селекциялық жетістік бойынша ресімделеді және мыналарды қамтиды:

      1) сараптама жасау ұйымына:

      осы Ережеге сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      селекциялық жетістіктің сауалнамасы;

      iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат;

      өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат (Ұлы отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жалпы білім беру мектептерінің және колледждердің оқушылары, студенттер, жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер).

      2) порталға:

      өтініштің электрондық көшірмесі;

      селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі;

      iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжаттыңэлектрондық көшірмесі және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжаттың (Ұлы отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жалпы білім беру мектептерінің және колледждердің оқушылары, студенттер, жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер)электрондық көшірмесі.

      Өтiнiм беруге төлемді растайтын құжаттар және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады. Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспайды.

      Селекциялық жетістіктің сауалнамасында селекциялық жетістікті бір ізге түсіру үшін сорттың, тұқымның сыныптамасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      6 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтінім мынадай тәртіпті сақтай отырып толтырылады:

      1) мәліметтерді тиісті бағандарда орналастыру мүмкін болмаса, олар өтінімнің тиісті бағанында көрсетіліп, сол нысан бойынша қосымша парақта келтіріледі: "Өтінімге қосымшаны қараңыз" (бағанның "Қоса берілетін құжаттардың тізімі" (тиісті торында "х" белгісі қойылады);

      2) өтінімнің жоғары бөлігінде орналасқан "Түскен күні", "Басымдық" бағандары, 21 коды бар баған сараптама ұйымы өтінім түскеннен кейін толтыруға арналған және өтінім беруші оны толтырмайды;

      "3) патент беру туралы өтінішті қамтитын бағанда "өтінім берушінің (берушілердің) атына" деген сөздерден кейін патент сұратылып отырған өтінім беруші (берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ), бұл ретте тегі атының алдында көрсетіледі, немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы құжатына сәйкес толық атауы, сондай-ақ, тиісінше, елдің ресми атауын және толық пошта мекенжайын қоса, олардың тұратын орны, орналасқан орны. Шетелдік аттар мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Селекциялық жетістіктердің авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұратын жері туралы мәліметтер 72 коды бар бағанның екінші бағанасында келтіріледі.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан немесе тұратын патент сұрайтын заңды немесе жеке тұлғалар үшін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі – ДЗМҰ) 3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі.

      Егер өтінім беруші бірнешеу болса, аталған мәлімет олардың әрбірі үшін келтіріледі;

      4) басымдық сұратылатын өтінішті қамтитын 31, 32 және 33 кодтары бар бағандар, Заңның 7-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған кезде толтырылады. Бұл жағдайда тиісті торларда "х" белгісін қою арқылы басымдық сұрауға негіз көрсетіледі және соның негізінде басымдық сұратылатын өтінімнің нөмірі, сұратылатын басымдықтың күні (өтінім берілген күн), өтінім берген ел, өтінім қараудың кезеңі және селекциялық жетістіктің қандай атаумен тіркелгені көрсетіледі.

      Өтінімді қарау кезеңін:

      А-өтінім қаралу үстінде;

      В-өтінім қабылданбады;

      С-өтінім қайтарылып алынды;

      D-өтінім қанағаттандырылды, патент берілді деген кодпен көрсетіледі.

      Өтінім беруші бірінші өтініммен берілген материал осы сортпен (тұқыммен) ұсынылатынын және оның осы өтінімге сай келетінін растайды;

      5) "Тегі, түрі" деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесілілігі бойынша және өндірісте қолданылуы бойыншанақты сәйкестендіру үшін тек пен түрдің толық атауы көрсетіледі.

      Осы бағанда таксономикалық бірліктің (тегі, түрі, түршесі) латынша атауыкөрсетіледі;

      6) "Ұсынылатын атаулар" деген бағанда селекциялық жетістіктің атауы келтіріледі.

      Шетелдік селекцияның селекциялық жетістігінде оның түпнұсқалық атауы өтінім берушінің тілінде және қазақ немесе орыс тіліндегі транскрипцияда көрсетіледі. Шетелдік селекциялық жетістік атауының транскрипциясын өтінім беруші ұсынады;

      7) "Селекциялық нөмір" деген бағанда селекция кезеңінде берілген селекциялық нөмір көрсетіледі;

      8) "Селекциялық жетістік шығарылған ел" деген бағанда селекциялық жетістік шығарылған елдің атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ 3 стандартына сәйкес коды толық келтіріледі;

      9) "Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма" деген баған, егер сорт Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, тиісті квадрат "х" деген белгімен белгіленеді және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бірінші күні мен атауы көрсетіледі.

      Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса тиісті квадрат "х" деген белгімен белгіленеді.

      Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәліметтер жоғарыда көрсетілгенге ұқсас келтіріледі және елі қосымша көрсетіледі;

      10) "хат жазысу үшін мекен-жай" бағанда хат жазысу үшін мекен-жай, телефон нөмірі келтіріледі. Хат жазысу үшін мекен-жай ретінде өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) - Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі жүрген жердің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге мекенжай көрсетіледі;

      11) 74-кодты бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі туралы, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) туралы мәлімет келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтінім берілгенге дейін тағайындалған жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті органдағы тіркеу нөмірі, тұрғылықты (орналасқан жерінің) мекенжайы, телефон, факс (егер болса) нөмірі көрсетіледі. Өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты және заңды тұлға үшін атауы, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекен-жайы (орналасқан жері), телефон, факс нөмірі көрсетіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса және өтінім патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілмесе, өкіл ретінде өтінім берушілердің біреуі таңдалады;

      12) "Қоса берілетін құжаттардың тізбесі" деген баған "х" деген белгіні тиісті торларға қою және қоса беріліп отырған құжаттардың әрбір данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады. Түрі өтінім нысанымен көзделмеген қоса берілетін құжаттар ("басқа құжат") үшін олардың нақты міндеті көрсетіледі;

      13) "Өтінім беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негізі (құжатты ұсынбай)" деген бағанда "х" деген белгі қоюмен өтінім беруге және патент алуға тиісті негіз белгіленеді. Аталған баған, өтінім беруші автор болып табылатын немесе өтінім берушілер бірнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған жағдайларды есептемегенде, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына патент сұратылған жағдайда толтырылады;

      14) 72 коды бар бағандаавтор (авторлар) туралы мәлімет: ТАӘ, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы келтіріледі, шетел азаматтары үшін ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;

      15) 72 коды бар бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтінім беруші болып табылатын болса, автордың қойылған қолы мен күні келтіріледі. Автор өтінім бергенге дейін қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердің қолы қойылады және күні көрсетіледі. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлікке құқықты растайтын қандай да бір ресми құжат ұсыну талап етілмейді;

      16) 72 коды бар бағанның тікелей төменгі жағында орналасқан баған өтінім материалдарын және патентті жариялаған кезде автор (авторлар) өзін (өздерін) осындай (осындайлар) ретінде атамауды өтінгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда жариялану кезінде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі және олардың қолдары қойылады;

      Өтініштің күнін көрсете отырып, "Қол қою" деген соңғы бағанды толтыру, өтінім беруші автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда міндетті болады. Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.

      Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды.

      Өтінім бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғаның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып ашылады;

      өтінішке қатысты қандай да бір мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) жоғарыда көрсетілген тәртіппен қол қойылады;

      Өтініш пен қосымшаға түзетулер мен тазартулар жасауға жол берілмейді.

      Аталған кемшіліктер орын алған жағдайда дұрыс ресімделген өтініш немесе оған қосымша сұратылады.";

      13-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сенімхаттың іс-әрекеті төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      сенімхат мерзімі біткенде;

      сенімхат берген тұлға оны жойған соң;

      сенімхат берілген адам бас тартқан кезде;

      атынан сенімхат берілген заңды тұлғажойылған кезде;

      атынасенімхат берілген заңды тұлға жойылған кезде; сенімхат берген адам қайтыс болған, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайда;

      атына сенімхат берілген азамат қайтыс болғанда, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайда.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрықпен бекітілгенТауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу және қарастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінім екі данада беріледі.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін:

      Құзыретті органдардың өтінім берушінің аталған географиялық объектіде оналасуы және ерекше қасиеттері сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адамифакторларымен байланысты тауар шығаратыны туралы қорытындысы;

      тауар шығарушының және оның өндірісінің осы географиялық объектіде нақты орналасуы жергілікті атқарушы органның қорытындысы мен расталады.

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31.Мәлімденгенбелгі және өтінімнің өзге де материалдары және оған қосымша құжаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдайды. Сараптама жасау ұйымы келіп түскен шешімді өтінім берушіге үш жұмыс күні ішінде жібереді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Сараптаманың қайта шығарылған шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім беруші Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен қарсылық береді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39.Тауар шығарылған жер атауы және/немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы тіркелгеннен кейін өтінім берушіге он күндік мерзімнен асырмай Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірме жіберіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз жүзінде және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 389 бұйрығына 1-қосымша
Селекциялық жетістіктерге патент
беру туралы өтінімді беру және
қарау ережелерінде
1-қосымша
Формасы

Келіп түскен күні

(21) Мем. тіркеу №

(22) Берген күні

Басымдық

Селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-ға
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, № 1,№ 2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз)
(71) Өтінім беруші (лер):
(толық аты немесе атауы және тұратын жері немесе орналасқан орны көрсетіледі.
Авторлар-өтінім берушілердің тұратын жері туралы деректер (97)-кодты бағанда көрсетіледі.
Резиденттер үшін БСН / ЖСН

Стандарт бойыншаелдің коды ДЗМҰ ST.3 (егер белгілі болса)

ҰСМИ-ға өтінім берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады
Селекциялық жетістік басымдығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз):
☐ Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінім берілген күн бойынша(Заңның 7-б. 2-т.)
☐ мем. комиссияны пайдалануға рұқсат алуға өтінім түсуі (Заңның 4-б. 2-т.)

Бірінші өтінімнің немесе пайдалануға рұқсат алу өтінімінің №

Сұратылатын басымдық күні

Берген елдің коды |(ДЗМҰ ST.3)

Өтінімді қарау сатысы

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелді






Мен (біз) бірінші өтініммен берілген материал осы сортты (тұқымды) білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (міз)
Тегі, түрі ______________________________________________________________________
(мемлекеттік немесе орыс тіліндегі атауы)__________________________________________ (латынша атауы)

Ұсынылатын атауы

Селекциялық нөмірі



 
Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды
________________________________________________________________
Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:
Өтінім берілген елде: ☐ - жоқ ☐ - ия алғашқы рет _____ мынадай атаумен __________________
(күні)
Басқа елдерде:

- жоқ ☐ - ия алғаш рет ________________________________________ (елі, күні)
атауы _______________________________________________________________________

Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық мекен-жай), электронды почта мекен-жайы
Телефон:               Ұялы тел.                        Факс:
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті органда тіркелген нөмірі) немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы)

Қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі

1 дана.| дағы п. саны

Данасаны

Өтінімді беру және патентті алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негіз:
☐ Өтінім беруші жұмыс беруші болып табылады және Заңның 5-бабының 1-тармағының шарттары сақталады
☐ жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
☐ автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды басқаға беруі
☐ мұрагерлік құқығы

☐ өтінішке қосымша



☐ селекциялық жетістік сауалнамасы



☐ фотосурет



☐ негативтер немесе түсті слайдтар



☐ бұрын жасалған сату туралы ақпарат



☐ өтінім бергені үшін ақы төлегені туралы



☐ ақыны азайту үшін негіздеме бар екенін растайтын құжат



☐ бірінші өтінімнің көшірмесі (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)



☐ өтінімді мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару



☐ патенттік сенім білдірілген басқаға беруі өкілдің немесе өкілдің өкілетігін растайтын сенімхат



☐ басқа құжат (көрсету керек)



(72) Автор (лар)(толық аты-жөні көрсетіледі)

(97) Ел атауын және белгілі болса, оның ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Өтінім беруші (лер) автордың (лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы (дары)




Мен (біз) ______________________________________________________ (Ф.И.О.) Өтінім материалдарын және патентті жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар) ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз) Автордың (лардың) қолы (дары):

 
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (міз).
Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен алынғандығын және селекциялық жетістіктің көрнекі іріктелуі болып табылатынын растаймын (мыз)

Қолы
Автор (лар) болып табылмайтын, өтініш берушінің (лердің) қолы (дары), (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшы қолы мөрмен расталады)
Егер басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылмаған болса, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелерде кездесетін, Заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 389 бұйрығына 1-қосымша
Тауардың шыққан жерінің атауы мен
тауардың шыққан жерінің атауын
пайдалану құқығына берілетін өтінімді
жасау, рәсімдеу және қарау жөніндегі
нұсқаулығына қосымша
"ҰЗМИ" РМК толтырады
Формасы

Келіп түскен күні

(220) Беру күні

(210) Өтінім №

Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығын беруге және (немесе) тіркеуге
ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төмендегі құжаттарды өткізе отырып, өтінімде көрсетілген белгілемені тауардың шыққан жерінің атауы ретінде тіркеуді және оны пайдалану құқығын беруді сұраймын

(711) Өтініш беруші/өтініш берушілер

Стандарт бойыншаелдің коды
ДЗМҰ ST.3 (егербелгілі болса)

Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формасының толық атауы, БСН немесе жеке тұлға нөмірі, ЖСН нөмірі көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер

Өтініш берушінің толық мекенжайы
Телефон:                факс:                 электронды мекенжайы

(750) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжайы (толық почталық адрес, алушының есімі немесе атауы)
Телефон (ұялы телефон):                  факс:                 электронды почта мекенжайы

(740) Патенттік сенім білдірілген тұлға (аты-жөні, тіркеу нөмірі)
немесе өтініш берушінің басқа өкілі

(540) Мәлімденген белгілеме (бас әріптермен жазылады)

Тауар түрі

Тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы

Тауардың шыққан (өндірілген) жері (географиялық нысан шекаралары көрсетіледі)

Қоса тіркелетін құжаттар тізімі

1 данадағы парақтар саны

Дана саны

☐ төлем туралы құжат: есепшот/төлемдік тапсырма №____ _____



☐ құзырлы орган қорытындысы



☐ құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы



☐ сенімхат



☐ басқа да құжаттар, оның ішінде қ. көрсетілгендері де



барлық парақ саны



Қолы
Лауазымы (аты-жөні)
МО
Күні
Өтініш берушінің (егер өтініш беруші заңды тұлға болса, мөрмен расталған) немесе патенттік сенімді тұлға қолы және күні
Егер басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылмаған болса, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелерде кездесетін, Заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады