Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16682 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 430-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 370 бұйрығымен бекітілген

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы
тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты
кедендік операцияларды жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 430-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекске сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тауарларды тасу маршрутын белгілеумен байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі

      2. Тауарларды келген орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасу (тасымалдау),егер осындай қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер бір елді мекеннің келу орны бар әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан уақытша сақтау орнына тауарларды орналастыру жоспарланса, тауарларды тасу (тасымалдау) маршрутын белгілеумен кедендік транзит кедендік рәсімін қолданбастан жүзеге асырылады.

      3. Әкімшілік-аумақтық шекарасы бір пунктінің кету орнынан бір кеден органының қызмет аймағында орналасқан және егер бұндай тауарлардың тасымалдауы уақытша сақтау қоймаларының арасында бір уақытша сақтау қоймасынан басқа уақытша сақтау қоймасына шетел тауарларын тасымалдағанда кеден рәсімінің кеден транзитіне орналастырылмай жүзеге асырылады.

      4. Кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, белгіленген маршрут бойынша тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тауарлар және оларға құжаттар, жүк тиейтін орынжайлар (бөліктер) Кодекстің 427-бабына сәйкес сәйкестендіріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тауарларды тасу маршрутын көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген тауарларды уақытша сақтау орны туралы мәліметтерден шыға отырып, кедендік бақылаудағы тауарлардың тасымалдануына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары белгілейді.

      6. Тасу маршруты уақытша сақтау орнына дейін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырмай өткізілетін тауарлардың көлік (тасымалдау) құжатында (бұдан әрі – маршрут парағы) "уақытша сақтау орнына дейін (уақытша сақтау орынның атауы және заңды мекенжайы) тасу маршрутын қолданумен кедендік бақылауда" деген белгісін енгізу жолымен белгіленеді.

      Енгізілген белгі тасу маршруты белгіленген күнді қоя отырып мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады және тауарлардың тасымалдаушысына беріледі.

      Маршрут парағы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымал маршрутын тіркеу журналында тіркеледі.

      7. Тауарларды тасу маршруты көлік құралдарының өткізілуіне қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдана отырып белгіленуі мүмкін.

3-тарау. Тауарларды тасу маршрутын сақтаумен байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі

      8. Тауарларды уақытша сақтау орнына жеткізгеннен кейін тасымалдаушы уақытша сақтау орнының иесіне маршрут парағын береді.

      9.Уақытша сақтау орынның иесі табыс етілген маршрут парағында тауарларды уақытша сақтау орнына орналастырылғаны туралы белгі қояды.

      10. Уақытша сақтау орнында тауарлардың орналастырылуы туралы белгісі бар маршрут парағы мұндай орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.

      11. Тауарларды тасу маршрутының сақталуы тауарлардың уақытша сақтау орнында орналастыруын растайтын құжаттарды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезеңінде бақыланады.

      12. Уақытша сақтау орындарында тауарлардың орналастырылуы туралы белгісі бар маршрут парағын табыс еткеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлғасы маршрут парағында жеке нөмірлік мөрін және күнін қоюмен "маршрут сақталған" деген жазба жасайды.

      13. Тауарлардың уақытша сақтау орнында орналастыруын растайтын құжаттарды тіркеген мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы жұмыс уақытының 2 (екі) сағаты ішінде тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеген мемлекеттік кірістер органын байланыстың жедел арналары бойынша бақылаудан алу үшін тасымалдау маршрутының сақталғаны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кедендік транзиттің кедендік
рәсімімен орналастырылмай
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағы
арқылы тасымалданатын және
кедендік бақылаудағы
тауарларға қатысты
тасымалдау маршрутын
белгілеуге және сақтауға
байланысты кедендік
операцияларды жасау
қағидаларына
қосымша
Нысан

Тасу маршрутын тіркеу журналы

Күні

Көлік құралының нөмірі

көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі

Тасу маршруты белгіленгенге дейін уақытша сақтау орынның заңды мекенжайы

Тауар салмағы (брутто)/орын саны

Тасу маршрутын белгілеген лауазымды адамның тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде)

Тасу маршрутын сақтау (орындау/ орындамау) туралы мәлімет

Маршрут парағына тасу маршрутын сақтау туралы мәліметін енгізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)










      Ескертпе:

      Тіркеу журналы нөмірленген, тігілген және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітілуге жатады.

      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тіркеу журналын нөмірлеу бірден басталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады