"Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 16711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13607 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықта тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы";

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Қасымбек Ж.М.

      "___" ___________ 2018 жыл


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы № 362
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалар мен талаптар 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын анықтайды.

2-бөлім. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі

      2. Есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕАБА) – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар.

      3. Қолдануға өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген ЕАБА рұқсат етіледі.

      4. ЕАБА мұнай өнімдерін есептеу көлемі (тоннамен) бойынша, өнім көлемін өлшеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:

      1) Түскен, өткізілген және тиелген мұнай өнімдерінің көлемін анықтайтын мұнай өнімдерін қабылдау (ағызу) және құюда мұнай өнімдерін ЕБА;

      2) резервуардағы сақталған, қалдықтарда бар мұнай өнімдерінің көлемін есептеу және (немесе) тығыздығын, деңгейін анықтайтын резервуардағы мұнай өнімдерінің ЕАБА.

      Мұнай өнімдерін теміржол, автокөлік цистерналарынан, құбыр желісінен қабылдау (ағызу), құю түрлі үлгідегі ЕАБА арқылы жүзеге асырылады. ЕАБА мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің технологиялық сызбанұсқасына сай қондырылады. Автожанармай құю станцияларындағы ЕАБА (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарда қондырылады.

      Резервуарлық паркте (резервуарда) сақталып тұрған резервуарлық қорды өлшеу сыйымдылық шегін арқылы және тауарлық резервуарда қондырылған толықтай сыйымдылық шамасы бойынша мұнай өнімдерін құюды қашықтан бақылау үшін түрлі үлгідегі ЕАБА құрылғыларымен жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін өндірушілердің резервуарларында тығыздық өлшегіштерін орнатпай, мұнай өнімдерінің массасын анықтауға мүмкіндік беретін ЕАБА-ны орнатуға жол беріледі.

      Резервуардағы мұнай өнімдері көлемін өлшеу ГОСТ мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сай немесе олар болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттарының талаптарына сай мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің әрекеттегі әдістері негізінде ЕАБА анықталады.

      5. ЕАБА қондырғы орны рұқсат етілмеген мүмкіндіктің алдын алу үшін құзыретті органның және (немесе) пломба салынған орынды, нөмір немесе пломба бедерлемесін көрсету арқылы акт жасалынған оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы арқылы пломбаланады.

3-бөлім. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру талаптары

      6. ЕАБА келесі талаптарға жауап береді:

      1) деректерді табыстау құрылғылары арқылы (Ғаламтор желісі, телефон желісі бойынша) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) бекітілген деректердің операторы мұнай өнімдерінің өндірісін және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпараттық жүйе арқылы телекоммуникациялық каналдар бойынша деректерді табыстау мүмкіндігімен қамтамасыз етуде;

      2) белгіленген режимде өлшеудің жол берілетін олқылығынан аспайтын және ГОСТ мемлекетаралық стандарттары немесе ол болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттары талаптарына сай пайдалану режимі мен талаптары сай олқылықпен өлшеуді орындауды қамтамасыз етуде;

      3) ақпараттық алмасу хаттамаларына сай өлшенген көрсеткіштер бөлігінің сыртқы автоматтандырылған жүйесі үшін алғашқы деректерді қалыптастыруды қамтамасыз етуде;

      4) рұқсат етілмеген мүмкіндіктен (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) қауіпсіздік жүйесінің болу мүмкіндігіне ие болуы;

      5) электрлік қуат беру жүйесінде (кернеуді сөндіргіш, үздіксіз қуат көзі және т.б.) бөгет, іркілуден қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс), ал апаттық іркіліс кезінде – мұнай өнімдерін өндірушілер үшін электрмен жабдықтаудағы автономды жұмыс ұзақтығы бір сағаттан кем емес, автожанармай құю станцияларында тәуліктен кем емес болуы;

      6) техникалық құжат, пайдалану туралы нұсқама мен пайда болуы туралы құжатының болуы.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 126 "Об утверждении Правил и требований по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2018 года № 362. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2018 года № 16711

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 126 "Об утверждении Правил и требований по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13607, опубликован 28 апреля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил и требований по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила и требования по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета.";

      Правила и требования по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
_____________Қасымбек Ж.М.
"__"__________2018 года

  Приложение
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 15 марта 2018 года № 362
  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 16 марта 2016 года № 126

Правила
и требования по оснащению резервуаров производственных объектов
производителей нефтепродуктов и автозаправочных
станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа)
контрольными приборами учета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и требования по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета разработаны в соответствии с подпунктом 12-1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" и определяет порядок и требования по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета.

Глава 2. Порядок оснащения резервуаров производственных
объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных
станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа)
контрольными приборами учета

      2. Контрольные приборы учета (далее – КПУ) – технические устройства, определяющие количественные и качественные характеристики нефтепродуктов, предназначенные для ведения учета с целью последующей передачи в режиме реального времени через оператора данных контрольных приборов учета в сфере производства и оборота нефтепродуктов уполномоченному органу в области оборота нефтепродуктов посредством автоматизированной системы информации об объемах производства и (или) оборота нефтепродуктов, установленные на производственных объектах производителей нефтепродуктов и на автозаправочных станциях (кроме автозаправочных станций передвижного типа), допущенные к применению в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области обеспечения единства измерений.

      3. К применению допускаются КПУ, зарегистрированные в реестре государственной системы обеспечения единства измерений и допущенные к применению в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области обеспечения единства измерений.

      4. Учет нефтепродуктов КПУ осуществляется по массе (в тоннах), измерение массы продукта осуществляется посредством:

      1) КПУ нефтепродуктов на приеме (сливе) и наливе нефтепродуктов, определяющих массу поступивших, реализованных и отгруженных нефтепродуктов;

      2) КПУ нефтепродуктов в резервуаре, определяющих уровень, плотность и (или) расчет массы нефтепродуктов, находящихся в резервуаре на хранении, остатков.

      Прием (слив), налив нефтепродуктов из железнодорожных, автомобильных цистерн, трубопроводов осуществляется через КПУ различных типов. КПУ устанавливаются в соответствии с технологической схемой производственных объектов производителей нефтепродуктов. КПУ на автозаправочных станциях (кроме автозаправочных станций передвижного типа) устанавливаются на резервуаре.

      Измерение резервуарных запасов, находящихся на хранении в резервуарном парке (резервуарах), осуществляется посредством КПУ различных типов для удаленного контроля взливов нефтепродуктов в мерах вместимости и мерах полной вместимости, устанавливаемых на товарных резервуарах.

      На резервуарах производителей нефтепродуктов допускается установка КПУ, позволяющих определить массу нефтепродуктов без установления плотномеров.

      Измерение массы нефтепродукта в резервуарах определяется КПУ на основе действующих методов измерения массы нефтепродуктов согласно требованиям межгосударственных стандартов ГОСТ или, в случае их отсутствия, национальных стандартов СТ РК.

      5. Места установки КПУ во избежание несанкционированного доступа пломбируются должностными лицами уполномоченного органа и (или) его территориального подразделения, о чем составляется акт с указанием мест наложения, номеров или оттисков пломб.

Глава 3. Требования по оснащению резервуаров производственных
объектов производителей нефтепродуктов и автозаправочных
станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа)
контрольными приборами учета

      6. КПУ отвечают следующим требованиям:

      1) обеспечение возможности передачи данных (по сети Интернет, телефонной линии) по защищенным телекоммуникационным каналам через информационную систему об объемах производства и (или) оборота нефтепродуктов оператора данных, установленных на производственных объектах производителей нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа);

      2) обеспечение выполнения измерений с погрешностью, не превышающей допускаемую погрешность измерений в установленных режимах и условиях эксплуатации согласно требованиям межгосударственных стандартов ГОСТ или, в случае их отсутствия, национальных стандартов СТ РК;

      3) обеспечение формирования первичных данных для внешних автоматизированных систем в части измеренных показателей в соответствии с протоколами информационного обмена;

      4) наличие системы безопасности от несанкционированного доступа (код, ключ, пломба, голографическая наклейка);

      5) обеспечение средствами защиты от помех, сбоев в системе электропитания (отсекатель напряжения, источник бесперебойного питания и иные), а в случае аварийных сбоев – продолжительность автономной работы в электроснабжении для производителей нефтепродуктов не менее одного часа, для автозаправочных станций не менее суток;

      6) наличие технического паспорта, инструкции по эксплуатации и документа о происхождении.