Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 сәуірде № 16792 болып тіркелді.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы
18 сәуірдегі № 159
бұйрығымен бекітілген

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-анықтамалық материал – жетекшілік ететін саланы дамыту бойынша сипаттаманы және статистикалық деректерді, оның ішінде өткізілетін мемлекеттік бастамалар мен басқа да іс-шараларды ақпараттық түсіндірулерді қамтитын мәліметтер;

      2) бірыңғай республикалық медиажоспар – орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілік ететін стратегиялық бағыттарын іске асыру бойынша іс-шараларды көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметін жариялау жоспары (бұдан әрі – медиажоспар);

      3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган –бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);

      4) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) – мемлекеттік органның құзыретіне қатысты мәселелер, сондай-ақ оның қызметі бойынша ақпараттарды таратуды жүзеге асыратын тұлға (бөлімше) (бұдан әрi – уәкiлеттi тұлға (бөлімше);

      5) медиа-грид – ерекше қоғамдық және саяси маңызы бар негізгі іс-шаралардың жоспар-кестесі;

2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      3. Мемлекеттік органдар бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды уәкілетті тұлғаны (бөлімшені) құру (тағайындау) туралы байланыс деректерін (тегі, аты, әкісінің атын (бар болған жағдайда), электрондық мекенжайын, жұмыс/ұялы телефонын) ұсынумен хабардар етеді.

      4. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған ақпараттар негізінде уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) туралы анықтамалықты қалыптастырады.

      5. Уәкілетті тұлға (бөлімше) жыл сайын ағымдағы жылдың алдағы бірінші және үшінші тоқсанындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға алдағы жылға арналған медиажоспарды қалыптастыру үшін мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары бойынша ұсыныстар жолдайды.

      Уәкілетті тұлға (бөлімше) тоқсанына бір рет медиажоспарды өзекті етеді.

      Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық саясаттың стратегиялық бағыттарын есепке ала отырып, медиажоспарға түзетулер енгізеді.

      6. Жыл сайын уәкілетті органнан келіп түскен ұсыныстар негізінде ағымдағы жылдың алдағы бірінші және үшінші тоқсанында айдың жиырмасынан кешіктірмей уәкілетті орган негізгі бағыттар мен тақырыптық желілерді ескере отырып, медиа-жоспарды әзірлейді және мақұлдайды.

      7. Медиа-жоспарға мынадай іс-шаралар кіреді:

      1) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында стратегиялық бағыттарын, нысаналы аудиторияларын, заңнамаға жоспарланған салалар бойынша өзгерістерді көрсете отырып, жариялау жөніндегі іс-шаралар;

      02) қоғамның наразылығын туғызатын проблемалы мәселелерді ақпараттық ескертулерге бағытталған іс-шаралар.

      8. Уәкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында ай сайын есептік кезеңнің 25 күнінен кешіктірмей медиажоспардың іс-шараларын іске асыру туралы ақпаратты уәкілетті органға еркін нысанда ұсынады.

      9. Мақұлданған медиажоспарға сәйкес уәкілетті орган тиісті оқиғаларды ақпараттық жариялау үшін уәкілетті тұлғаға (бөлімшеге) бірыңғай ақпараттық алаңды ұсынады.

      10. Апта сайын бейсенбі күні уәкілетті органға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы аптаға арналған ақпарат келесідей ақпараттық-анықтамалық материалдармен қоса жолданады:

      1) іс-шараның күні, уақыты және өткізілу орны;

      2) ұйымдастырушылар және байланыс деректері;

      3) іс-шараны өткізудің мақсаты және міндеті;

      4) түйінді месседжилер;

      5) спикерлер (лауазымы, байланыс деректері);

      6) іс-шарадан нәтиже.

      Бірнеше орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты мәселелер туындаған кезде уәкілетті тұлға (бөлімше) бірыңғай ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруы және ақпаратты басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында одан әрі таратуы үшін өз құзыреті шеңберіндегі ақпаратты уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

      11. Ұсынылған ақпараттар негізінде уәкілетті орган алдағы аптаға арналған апта сайынғы медиа-гридті қалыптастырады және бір жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жолдайды.

      12. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында уәкілетті орган уәкілетті тұлғадан (бөлімшеден) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды (мәліметтерді, әдістемелік әзірлемелерді, инфокестелерді, статистикалық және талдамалық матрериалдарды) сұратады.

      13. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды уәкілетті тұлға (бөлімше) сұрау салу келіп түскен күннен бір жұмыс күні ішінде ұсынады.


  Бұқаралық ақпарат
құралдарымен
өзара іс-қимыл жасау жөніндегі
уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің)
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы уәкілетті органмен
өзара іс-қимыл жасау
қағидаларына қосымша
  нысан

Алдағы аптаға арналған ақпарат

(күні, айы, жылы)

Мемлекеттік органның атауы

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі/
Жексенбі

Басты жаңалық










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады