"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16898 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 21.12.2020 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қазақ тіліндегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі атауы өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында:

      қазақ тіліндегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі атауы өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары";

      1-тараудың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;

      1-тарамақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін түсетін азаматтарды медициналық куәландыру";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта білім беру ұйымдарына түсетін азаматтар мен тәрбиеленушілерді медициналық куәландыру";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Орта техникалық және кәсіби, жоғары, жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оның ішінде шет мемлекеттерінің әскери оқу орындарына, сондай-ақ жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсетін азаматтарды және әскери қызметшілерді медициналық куәландыру";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру";

      72-тармақ алып тасталсын;

      73-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Медициналық куәландыруды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) көзделген жағдайларда ҚР ҚК әскери-медициналық бөлімдері мен мекемелерінің штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық ӘДК жүргізеді.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Егер медициналық куәландыруға жолдамада ҚР ҚК түрінде және әскер тегінде әскери қызмет өткеру үшін, әскери-есептік мамандық бойынша оқуға (қызметке) жарамдылығын айқындау туралы көрсетілсе, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды деп танылған азаматтарға қатысты штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК тиісті қорытынды шығарады.";

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Әскерге шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, әскери оқуорындарының тыңдаушылары мен курсанттарын (кадеттерін) медициналық куәландыру";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Әскери қызметші әйелдерге жүктілігі және бала тууы бойынша демалысты әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес тәртіпте және мерзімге береді. Бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін әскери қызметші әйелдер әскери қызметке жарамдылық санатын қайта қарауды қажет ететін денсаулық жағдайының өзгеруі жағдайларында ӘДК-ға жіберіледі.";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Десанттық-шабуылдау әскерлері мен арнайы мақсатты бөлімдердің әскери қызметшілерін медициналық куәландыру";

      111, 112, 113, 114, 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру қызмет кезеңінде бір рет, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндерге – он екі айда бір рет жүргізіледі. Бұл ретте арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің, сондай-ақ десанттық-шабуылдау, барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері және парашютпен секірулер жасауға тартылатын адамдар медициналық куәландыруға жатады.

      112. ДШӘ-ға (АрнМақБ-ға) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылған азаматтарға және әскери оқу орындарынан, сондай-ақ қызметі бойынша ауыстыру кезінде басқа да әскер түрлері мен тектерінен келген әскери қызметшілерге медициналық куәландыру жүргізіледі.

      113. ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілерін кезектен тыс медициналық куәландыру, егер оларды госпиталь ӘДК-сы куәландырмаған болса, ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамдылық санатын өзгертуді көздейтін науқастанулар себебі бойынша әскери-медициналық мекемеден (медициналық ұйымнан) стационарлық емделуден келгеннен кейін жүргізіледі.

      ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілері кезектен тыс медициналық куәландыруға да әскери бөлім дәрігерінің, әскери-медициналық мекеме маман дәрігерінің қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің шешімімен жіберіледі.

      ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілерінде Талаптарға сәйкес ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамдылық санатын дербес бағалау көзделген науқастанулар болған кезде "ДШӘ-да (АрнМБ-да) қызметке жарамды" деген қорытынды осы Қағиданың 95-тармағында мазмұндалған тәртіпке сәйкес шығарылады.

      114. ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамдылық парашютпен секірулер жасауға жарамдылықты көздейді. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және дене салмағы 90 кг-дан асатын ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілерінің парашютпен секірулер жасауға жарамдылығы жеке айқындалады.

      115. Егер әскери қызметшілер ДШӘ-дағы (АрнМақБ-дағы) қызметке жарамсыз болған жағдайларда, штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарады.";

      8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерін медициналық куәландыру";

      9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Жауынгер жүзушілерді (сүңгуірлерді) медициналық куәландыру";

      10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының компоненттерімен, электрмагниттік өрістер және лазерлік сәулелену көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктелетін және қызмет өткеретін (жұмыс iстейтін) әскери қызметшілерді (ҚР ҚК қызметшілерін) медициналық куәландыру";

      11-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Запастағы азаматтарды әскери жиындарға немесе әскери қызметке (запастағы офицерлерді) шақыру кезінде және (немесе) есепке алу мақсатында медициналық куәландыру";

      12-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Әскери-дәрігерлік комиссиялардың қорытындылары";

      152-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілеріне қатысты:

      ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамды;

      __ айдан кейін қайта медициналық куәландырумен парашютпен секірулер жасауға уақытша жарамсыз;

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамсыз________________________;"; (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілсін)

      152-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) есепке алу мақсатында куәландырылатын азаматтарға қатысты:

      әскери қызметке жарамды;

      шамалы шектеулермен әскери қызметке жарамды;

      әскери қызметке шектеулі жарамды;

      әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз;

      167-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамсыз деп танылған ДШӘ (АрнМақБ) әскери қызметшілеріне;";

      13-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын медициналық куәландыру";

      194-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жұмыс істеу үшін олардың денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойылатын ұшқыштар құрамын ұшақтардың басқа типтеріне ауыстырған кезде.";

      7) тармақша алып тасталсын;

      205-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      14-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Запастағы авиациялық персоналды есепке алу мақсатында медициналық куәландыру";

      15-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының қорытындылары";

      223-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұшу жұмысына (ұшуға үйретуге, ұшуға басшылық жасауға, парашютпен секірулерге және ұшуларға) жарамдылығын қалпына келтірген кезде.";

      223-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Әскери қызметшілердің немесе азаматтардың науқастануларының, мертігулерінің, қаза табуының (қайтыс болуының) әскери қызметті (әскери жиындарды) өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты себепті байланысын айқындау";

      246-тармақта:

      2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қайтыс болуға әкеп соқтырған науқастану әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алынған" деген қорытындысы, егер әскери қызметшілер аса қауіпті инфекцияның эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтырып алған науқастанулар салдарынан, ал медициналық персонал қатарынан куәландырылушылар одан басқа қызметтік міндеттерін орындау кезінде туберкулезді және АИТВ-инфекциясын жұқтыру салдарынан (науқастармен тікелей қатынастағы адамдар үшін) қайтыс болғанда шығарылады.

      Әскери қызмет өткерген азаматтарға осындай қорытынды, әскери қызметтен босатылғаннан кейін аса қауіпті инфекцияның эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтырылған науқастану салдарынан, ал медициналық персонал қатарынан куәландырылушылар одан басқа қызметтік міндеттерін орындау кезінде туберкулезді және АИТВ-инфекциясын жұқтыру салдарынан (науқастармен тікелей қатынастағы адамдар үшін) қайтыс болғанда шығарылады.

      3) "Қайтыс болуға әкеп соқтырған науқастану әскери қызмет өткеру кезеңінде алынған" деген қорытындысы әскери қызмет өткеретін әскери қызмет өткеру кезеңінде алған науқастану салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілерге шығарылады.

      Әскери қызмет өткерген азаматтарға осындай қорытынды әскери қызметтен шығарылғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде алған науқастанулар салдарынан қайтыс болғанда шығарылады.";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қайтыс болудың себепті байланысы туралы қорытындылар медициналық құжаттарды, әскери қызмет өткеру кезеңіндегі медициналық куәландыру деректерін, қайтыс болу туралы медициналық куәлікті және басқа да құжаттарды зерделегеннен кейін, қайтыс болудың себебі мен әскери қызмет өткеру кезеңінде (әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде) алған мертігу, науқастану арасында тікелей себеп-салдарлы байланыс болған кезде шығарылады.";

      17-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Қорытынды ережелер";

      1-қосымшаның оң жақтағы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына 1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жақтағы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына 2-қосымша";

      2-қосымшаның 9, 10-нысандары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеде:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскери-дәрігерлік, дәрігерлік-ұшқыштар комиссияларын ұйымдастыру және әскери-дәрігерлік сараптама органдарының жүйесі";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өкілеттілігі шегінде бағынысты штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК (ДҰК):

      ОӘДК ДҰК, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері (бұдан әрі – ӘҚК) авиациялық медицина зертханаларының ДҰК, госпитальдық ӘДК (ДҰК), гарнизондық ӘДК, авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орындарының ДҰК, орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне (кафедраларына), әскери дайындық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта білім беру ұйымдарына түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін ӘДК, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің (бұдан әрі – ДШӘ) ӘДК-сы, Әскери-теңіз күштерінің (бұдан әрі – ӘТК) ӘДК-сы, ӘТК жүзушілерін (сүңгуірлерін) медициналық куәландыру үшін ӘДК, танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге тартылатын әскери қызметшілерді медициналық куәландыру үшін ӘДК, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электрмагниттік өріс көздерімен байланысы бар әскери қызметшілерді медициналық куәландыру үшін ӘДК, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, қала және аудан жергілікті атқарушы органының медициналық комиссиялары.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Штаттық әскери-дәрігерлік комиссия";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссиялар";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Штаттық емес тұрақты (уақытша) әрекет ететін ӘДК:

      әскери қызметшілерді;

      әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды;

      келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды;

      әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылатын (айқындалатын) запастағы офицерлерді;

      мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын;

      әскери бөлімге келетін толықтыруды;

      запастағы әскери міндеттілерді медициналық куәландыру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) гарнизондарында, әскери-медициналық мекемелерінде, әскери оқу орындарында құрылады.";

      20-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ДШӘ ӘДК;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) әскери оқу орындарының ДҰК болып табылады.";

      8) тармақша алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК осы Ереженің 18-тармағында айқындалған құрамда:

      ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының бұйрығымен әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру үшін;

      ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығының немесе осы мекеме бастығының бұйрығымен республикалық (әскери) мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін;

      гарнизон бастығының, әскер тектері, оған теңестірілген және одан жоғары қолбасшысының бұйрығымен танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге тартылатын, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электрмагниттік өріс көздерімен байланысы бар жауынгер жүзушілерді (сүңгуірлерді), әскери қызметшілерді (азаматтық персоналды), сондай-ақ оқу бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерді медициналық куәландыру үшін тағайындалады.";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Госпитальдық әскери-дәрігерлік комиссия";

      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы әскери госпитальда (лазаретте) тексерілуде және емделуде жүрген әскери қызметшілерді, әскери міндеттілерді медициналық куәландыру;";

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Гарнизондық әскери-дәрігерлік комиссия";

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) медициналық куәландыру:

      гарнизонның әскери қызметшілерін;

      гарнизонның әскери бөлімдеріне келген толықтыруды;

      әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды;

      келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін кандидаттарды;

      әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлерді;

      науқастануы бойынша демалыстағы әскери қызметшілерді;";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Дәрігерлік-ұшқыштар комиссиялары";

      8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Әскери-теңіз күштерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы";

      9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы";

      40, 41, 42, 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. ДШӘ ӘДК-сы осы Ереженің 18-тармағында айқындалған құрамда ДШӘ қолбасшысының бұйрығымен құрылады және ДШӘ-дағы әскери-дәрігерлік сараптамаға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады.

      41. ДШӘ ӘДК төрағасы әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ОӘДК бастығына бағынады.

      42. ДШӘ ӘДК-сына мыналар жүктеледі:

      1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылған және (немесе) ДШӘ-да қызмет ету үшін басқа әскер түрлері мен тектерінен, әскери оқу орындарынан келген (жіберілген) азаматтардың, ДШӘ-да әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, ДШӘ әскери-есептік мамандықтары бойынша оқыту үшін іріктелетін әскери қызметшілердің ДШӘ-дағы әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін медициналық куәландыруды ұйымдастыру, жүргізу;

      2) әскери-медициналық мекемелерде, әскери бөлімдерде әскери-дәрігерлік сараптамаға қатысты бөлігінде емдеу-диагностикалау жұмысын ұйымдастыруды, жүргізуді және оның нәтижелерін бақылау;

      3) ДШӘ-да әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру нәтижелерін талдау және медициналық куәландыру нәтижелері туралы есеп берулерді ДШӘ қолбасшылығы мен ОӘДК төрағасына ұсыну.

      43. ДШӘ ӘДК-сы:

      1) ДШӘ-дағы қызметке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытындылар шығарады;

      2) қайта медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ДШӘ-дағы қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы өз қорытындыларын немесе басқа да ӘДК қорытындыларын (ОӘДК шығарған қорытындылардан басқа) қайта қарайды;

      3) ДШӘ-да әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар береді;

      4) ДШӘ әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және оның тәртібін тексереді;

      5) әскери бөлімдерден, ЖӘБО-дан, денсаулық сақтау ұйымдарынан әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерін шешу үшін қажетті құжаттарды сұратады.";

      10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, қала және аудан жергілікті атқарушы органының медициналық комиссиялары";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалаларда және аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар (бұдан әрі – медициналық комиссиялар) құрылады, олар:

      1) әскерге шақыру жасына дейінгілерді;

      2) әскерге шақырылушыларды;

      3) әскери жиындарға және есепке алу мақсатында шақырылатын әскери міндеттілерді;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына, әскери кафедраларына, мамандандырылған ұйымдарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      Е. Біртанов

      2018 жылғы 23 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      М. Әбілқасымова

      2018 жылғы 27 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 18 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери-
дәрігерлік сараптаманы
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
9-нысан

      Фотосуретке арналған орын

      (қорғаныс істері жөніндегі

      бөлімнің (басқарманың),

      әскери бөлімнің елтаңбалы мөрі)

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматты медициналық куәландыру картасы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы ______________________________

      ________________________________________________________________________________

      (запастағы әскери қызметшінің әскери атағы көрсетілсін)

      2. Тұрғылықты жері (мекенжайы)

      ___________________________________________________

      3. Соңғы 12 ай ішінде шалдыққан науқастанулары, оның ішінде инфекциялық науқастанулары

      __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      4. Дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмайтындығы (жоғары сезімталдығы) туралы мәліметтер

      _________________________________________________

      5. Диспансерлік есепте (қадағалауда) тұрғаны туралы мәліметтер __________________

      6. Әскер тегі, әскери-есептік мамандығы (әскери лауазымы) _______________________

      __________________________________________________________________________

      7. Науқастанулармен есепте тұрғаны туралы мәліметтер: ________________________

      (есепке алу белгісі, медициналық денсаулық сақтау ұйымының мөртаңбасы)

      Психикалық ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Наркологиялық (есірткі заттарына тестілеу нәтижелерімен) ______________________

      _________________________________________________________________________

      Туберкулез бойынша ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Тері-венерологиялық ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      8. Тексеру нәтижелері

Тексерулер

Жүргізілген күні

Нәтижесі

Бойы/дене салмағы, ДСИ



Жалпы қан талдауы



Мерезге микропреципиат- ция реакциясы (микрореакция)



Жалпы несеп талдауы



ЭКГ зерттеулері



Кеуде қуысы органдарының флюорографиясы



Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасы;



В, С вирусты гепатиттерінің маркерлеріне қан талдауы



АИТВ-ға қан талдауы



Көздің ішкі қысымын өлшеу



40 жастан асқандарға қантқа қан талдауы



Оң /сол қол динамометриясы



Есірткі заттарына зерттеу



Басқа да зерттеулер



      9. Куәландыру нәтижелері

Қарап тексеру

Нәтижелері

Терапевт:

Шағымдар мен анамнездер


Эндокриндік жүйе


Жүрек-қан тамырлары жүйесі


Функционалдық сынама

тыныштықта

жүктемеден кейін

2 мин кейін

минутына тамыр соғысы




артериялық қан қысымы




Тыныс алу мүшелері


Ас қорыту мүшелері


Бүйрек


Көкбауыр


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Хирург:

Лимфа түйіндері


Сүйек-бұлшықет жүйесі


Перифериялық тамырлар


Несеп-жыныс жүйесі


Анус және тік ішек


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Невропатолог:

Бассүйек-ми жүйкелері


Қозғалыс аясы


Рефлекстер


Сезімталдығы


Вегетативті жүйке жүйесі


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Психиатр:

Қабылдау


Интеллектуалды-мнестикалық аясы


Эмоционалды-ерік аясы


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Окулист:


оң көз

сол көз

Түсті сезіну


Түзетусіз көру жітілігі



Түзетумен көру жітілігі



Скиаскопиялық рефракция



Бинокулярлық көру



Анық көрудің жақын нүктесі



Жас жолдары



Қабақтар мен конъюнктивалар



Көз алмаларының орналасуы мен қозғалмалығы



Көз қарашықтары мен олардың реакциясы



Оптикалық орта



Көздің түбі



Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Оториноларинголог:

Сөйлеу



оң

сол

Мұрынмен тыныс алу



Сыбырлап сөйлеу



Құлақ барофункциясы



Вестибулярлық аппарат функциялары


Иіс сезу


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Стоматолог:

Тістүйіс


Ауыздың сілемейлі қабықшасы


Тістер (формула)


Қызыл иектер


Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Дерматовенеролог:

Диагнозы


Қорытынды


Күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


Басқа да маман дәрігерлер:

Диагнозы, қорытынды, күні, дәрігердің қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері


      10. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде _________________________________

      (ӘДК атауы көрсетілсін)

      Қазақстан Республика Қорғаныс министрінің 20___ жылғы "___" _______ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ҚК-да, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптардың ______ бағаны ___ тармағының _____ тармақшасы негізінде ______

      ________________________________________________________________________________

      М.О. Комиссия төрағасы

      _____________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі)

      Комиссия хатшысы ______________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі)

      20____ ж. "______" ____________

      Комиссияның пошталық мекенжайы

      ________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Ескертпе: Барлық тармақтарды толтыру міндетті.

  10- нысан

      Әскери бөлімнің (мекеменің)

      бұрыштық мөртаңбасы

  _______________________
  бастығына (командиріне)
  (әскери-медициналық мекеме
  көрсетілсін)

Медициналық куәландыруға жолдама

      1. _______________________________________________________________________

      (медициналық куәландыру мақсаты, сондай-ақ ӘДК-ға (ДҰК-ға) жіберу себебі көрсетілсін: денсаулық жағдайы бойынша, әскери қызмет өткеру үшін жаңа келісімшарт жасасу, әскери қызметте болу уақытында шекті жасқа жетуі бойынша, ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша алдағы уақытта әскери қызметтен босатылу және т.б.) ______________________________________үшін медициналық куәландырылуға

      (емделуге немесе тексерілуге) жіберіледі

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________

      3. Әскери атағы

      _________________________________________________________________

      4.Туған жылы _____________________________________________________________

      5. Әскери бөлім ___________________________________________________________

      6. Мамандығы ____________________________________________________________

      7. Әскери қызметке шақырылды (келісімшарт бойынша түсті) ____________________

      __________________________________________________________________________

      (қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім), әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша түскен айы мен жылы көрсетілсін)

      8. Алдын ала диагнозы _____________________________________________________

      9. Жолдану күні ___________________________________________________________

      10. ӘДК (ДҰК) қорытындысын ______________________________________________

      (әскери бөлімнің немесе кадр органының

      _________________________________________________________

      жолдауыңызды сұраймын. атауы мен пошталық мекенжайы)

      11. Ерекше белгілер________________________________________________________

      Командир (бастық) ________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөнінің бас әріптері, тегі) М.О (әскери бөлімнің (мекеменің) елтаңбалы мөртаңбасы)

      Ескертпе: 1. Қарулы Күштердің қызметшілерін медициналық куәландыруға жіберген кезде медициналық куәландырудың мақсаты, жіберу себебі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған жылы, лауазымы, мамандығы көрсетілсін. 3, 7-тармақтар толтырылмайды.

      2. Әскери қызметшілерді ДШӘ-да, ӘТК-да және АМБ-да әскери қызмет өткеруіне жарамдылығын айқындау үшін медициналық куәландыруға жіберу кезінде 11-тармақта олардың арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау және барлау бөлімшелеріне, жауынгерлік жүзушілерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына тиесілігі не парашютпен секірулер жасауға, су астында танкілер мен басқа да машиналарды жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатыны көрсетіледі.

      3. Әскери оқу орындарының курсанттарын медициналық куәландыруға жіберген кезде 11-тармақта әскери қызмет өткеруге келісімшарт жасалған күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады