Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16956 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 05 мамырдағы
№ 165 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
көмірсутектер саласындағы
уәкілетті органның бірінші
басшысы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы*

      1. Мазмұны.

      2. Кіріспе.

      3. Жалпы бөлім:

      1) кен орны туралы жалпы мәліметтер: кен орны туралы қысқаша ақпарат,

      географиялық орналасуы, қолдағы бар инфрақұрылымы;

      2) жобалауға негіздеме;

      3) мұнай және газ қорлары (бағаланған және барланған);

      4) мұнай және газ кен орнының физикалық, химиялық қасиеттері;

      5) кен орындарын игерудің қазіргі жағдайы;

      6) игерудің технологиялық жобалау көрсеткіштері;

      7) газ факторы (жобалық, нақты және соңғы 5 жылдағы газ факторының өзгеру

      динамикасы);

      8) бекітілген жобалық құжаттар шеңберіндегі мұнай және газ өндіруді болжау;

      9) мұнай мен газды жинау және дайындаудың қолданыстағы жүйесі;

      10) шикі газды өңдеудегі/кәдеге жаратудағы өзгерістердің динамикасы (соңғы 5 жыл

      ішінде).

      4. Шикі газды жағу көлемін негіздеу:

      1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде (VIII);

      2) кен орнын сынамалап пайдалану кезеңінде (VIV);

      3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде (VV);

      4) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде (V6);

      5) технологиялық жабдықты пайдалану кезінде (V7);

      6) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары

      кезінде (V8);

      7) технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен

      ауытқулар кезінде (V9).

      5. Өңдеу / кәдеге жарату технологиясы және кен орнында шикі газды пайдалану / кәдеге

      жарату объектілерінің тізбесі.

      6. Кен орнындағы газ балансы.

      7. Шикі газды қайта өңдеуді әрі қарай дамыту жоспарлары;

      8. Қорытынды:

      А Қосымшасы - Шикі газды қайта өңдеуді дамыту жөніндегі бағдарламаны орындау

      туралы есеп және рұқсат құжаттарының көшірмелері;

      Б Қосымшасы – Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу

      жұмыстарының ерекшелігі, паспорты және жоспар-графиктері;

      B Қосымшасы - шикі газды жағу көлемін есептеу.

      Ескертпе*:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес Шикі газды

      қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы әр үш жыл сайын жаңартылуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады