Байланыс формасы

"Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 маусымда № 16990 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13894 болып тіркелген, 2016 жылы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметшілерді аттестаттаудан өткізу кәсіби даярлық деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдерден басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, астаналық, республикалық маңызы бар қалалық және аудандық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді тиісті облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi.

      Оқу демалысындағы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы (алты айдан аспайтын), жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланың үш жасқа дейін оларға күтім жасауға байланысты демалыстағы қызметшілер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес уақытта аттестаттаудан өтеді.";

      орыс тілінде мәтіндегі 8, 9-тармақтарға өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      12-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аттестаттауға жататын қызметшіге кадр қызметі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда аттестаттау парағын ресімдейді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кадр қызметі осы Қағиадалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды аттестаттау комиссиясына аттестаттау комиссиясының отырысына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әңгімелесу барысында аттестаттау комиссиясының мүшелері барлық аттестаттаудан өтетін қызметшілерге тең есепте бекітілген сұрақтарды қояды.

      Әңгімелесу барысы дыбыс немесе бейнежазба құралдарын қолдану арқылы тіркеледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайта аттестаттаудан өтуге жатады;

      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қайта аттестаттаудан өту осы Қағиадалармен айқындалған тәртіппен алдыңғы аттестаттау комиссиясының шешім шығарған күнінен бастап үш айдан кейін өткізіледі.

      Аттестаттау комиссиясы, қайта аттестаттаудан өткізе отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Хаттамаға қол қойған күннен бастап кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде қызметшіні аттестаттау парағымен таныстырады.

      Аттестаттау комиссиясының шешімдерін ұйымның басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.";

      орыс тілінде мәтіндегі 25-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Дауыс берудің нәтижелері аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағын толтыру қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.";

      Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2018 жылғы
17 мамырдағы № 111 бұйрығына
1-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті |_| қайта |_| (керегін Х белгісімен белгіле)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _____________________________

      _______________________________________________________________________

      2. Туған күні "___" ___________________ жыл

      3. Білімі, біліктілігін арттыру, даярлау, қайта даярлау (қашан және

      қандай оқу орнын бітірді, білім бойынша мамандығы және біліктілігі,

      біліктілігін арттыру, даярлау, қайта даярлау туралы құжаттар, ғылыми

      дәрежесі,ғылыми атағы, оларды берген күн) туралы мәлімет ______________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      4. Атқарып отырған лауазымы мен оған тағайындалған күн ________________

      _______________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі __________________________________________________

      6. Мемлекеттік және/немесе азаматтық қызметтегі лауазымдардағы жұмыс өтілі

      _________________________________________________________________

      7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің берген ескертулері мен ұсыныстары:

      _______________________________________________________________________

      8. Отырысқа _______________ аттестаттау комиссиясының мүшелері қатысты.

      9. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің әрқайсысы толтыратын, қоса

      беріліп отырған бағалау парағына сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша

      азаматтық қызметшінің қызметін бағалау:

      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ___________;

      2) қайта аттестаттаудан өтуге жатады (дауыс саны) __________________;*

      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _________.

      10. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (берілген уәждемелерді көрсете отырып)

      _______________________________________________________________

      11. Ескертпе

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау жүргізген күні "___" ______________ _________ жыл

      Аттестаттау қорытындылары бойынша ұйым басшысының шешімі

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________________

      (азаматтық қызметшінің қолы және күні)

      Ұйым мөрінің орны

      * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2018 жылғы
17 мамырдағы № 111 бұйрығына
2-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2- қосымша
  нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

      Аттестаттау түрі: кезекті - |_|;

      қайталап - |_| (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _____________________________

      2. Атқарып отырған лауазымы мен оған тағайындалған күн ________________

      _______________________________________________________________________

      3. Аттестатталушының бағасы____________________________________________

      (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)

      4. Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын

      лауазымына сәйкес, қайталап аттестатталуға тиіс*; атқаратын лауазымына сәйкес

      келмейді):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      5. Аттестаттау комиссиясы мүшесі шешімінің негіздемесі:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау жүргізген күні "___" ______________ _______ жыл

      * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады