"Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17014 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.09.2021 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      Е. Біртанов__________

      2018 жылғы 11 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов __________

      2018 жылғы 11 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов __________

      2018 жылғы 10 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 156 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 229 бұйрығымен
бекітілді

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті қатысушы – қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беруге үміткер жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) кворум – дауыс беру кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің үштен екі бөлігінен астамының қатысуы;

      3) конкурстық баға ұсынысы – конкурсқа қатысушының ұсынған бағасы;

      4) конкурстық комиссия – үш адамнан кем емес, тақ саннан тұратын уәкілетті орган құрған алқалы орган;

      5) иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының қалдықтарды бағалау, сату, оларды кәдеге жарату және жою жөнінде әрі қарай әдісті айқындау үшін құжаттама әзірлеу, қалдықтар орналасқан аумақтарды рекультивациялау жобасын іске асыру, қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша қызметі;

      6) қалдықтарды сату жөніндегі конкурс – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын қалдықтарды сату нысаны;

      7) қатысушы - қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      9) ұйым – қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы.

      3. Қалдықтарды республикалық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Қалдықтарды республикалық меншікке беру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомство органының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі – ұйым) өкілдері кіреді.

      Қалдықтарды республикалық меншікке беру кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды республикалық меншікке қабылдау-тапсыру актісі жасалады.

      4. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштар бар қалдықтарға халықаралық конвенциялардың (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 наурыздағы № 239 Заңымен ратификацияланған Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389 Заңы, Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы) ережелері қолданылады.

      5. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған радиоактивті қалдықтарды бағалау, сату, оларды кәдеге жарату және жою жөнінде әрі қарай әдісті айқындау үшін құжаттама әзірлеу бойынша осы Қағидалардың нормалары қолданылмайды. Радиоактивті қалдықтар көмілуге жатады.

      6. Ұйымның басқаруына берілген қалдықтарға халықтың қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды ұйым қамтамасыз етеді.

      7. Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін уәкілетті органға ұйымның басқаруына берілген қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз жеткізгіштерде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

2-тарау. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі

1-параграф. Қалдықтарды бағалау

      8. Ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес немесе тиісті лицензиялары бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

      1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;

      2) қалдықтардың (улылық дәрежесі бойынша) адамға және қоршаған ортаға әсерін анықтау;

      3) қалдықтардың қауіптілік деңгейін анықтау;

      4) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген) Қалдықтар сыныптауышының негізінде, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген) нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

      Сонымен қатар ұйым бағалаушылар палатасы берген "бағалаушы" біліктілігін иелену туралы куәлігі бар және бағалаушылар палаталары бірінің мүшесі болып табылатын заңды тұлғаларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жұмыстарды, қызметтерді көрсету нәтижелері бойынша ұйым осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған құжаттарды дайындайды.

2-параграф. Қалдықтарды сату тәртібі

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рәсімдерді жүргізу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген қалдықтардан басқа қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен сатылады.

      11. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі осы Қағидалармен анықталады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасымен реттелмейді.

      12. Конкурсты дайындауды және өткізуді ұйым жүзеге асырады. Уәкілетті орган конкурстық комиссияның құрамын уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін енгізе отырып, қалыптастырады.

      Конкурстық комиссияны төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері құрайды.

      13. Қалдықтарды ұйым осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктеріне (консорциум) конкурс өткізу арқылы сатады.

      14. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда бұл қалдықтар осы Параграфпен көзделген тәртіппен қатысушы мәлімдеген баға бойынша сатылады.

      15. Конкурс әлеуетті қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында ашық тәсілмен екі кезеңде өткізіледі.

      16. Конкурс өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыру уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      17. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды:

      1) конкурсты ұйымдастырушының атауын және конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайын;

      2) конкурсты өткізу уақыты мен орнын;

      3) конкурсқа қатысуға өтінім қабылдаудың басталуы мен аяқталуын;

      4) конкурстың негізгі шарттарын;

      5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасын;

      6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшерін;

      7) құжаттар топтамасын алу үшін электрондық сілтемені қамтиды.

      18. Құжаттар топтамасын ұйым қалыптастырады және ол конкурстық өтінімді әзірлеу үшін әлеуетті қатысушыға қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

      1) қалдықтар туралы тарихи анықтама;

      2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;

      3) қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат;

      4) қалдықтардың (улылық дәрежесі бойынша) адамға және қоршаған ортаға әсерін анықтау

      5) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер;

      6) шарттары уәкілетті органмен келісілетін Қауіпті қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі - Келісімшарт) жобасы.

      19. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға әлеуетті қатысушылар конкурстық өтінімдерін осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша барлық растау құжаттарын қоса беріп, беттерін нөмірлеп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне өтініш берушінің немесе сенімхат бойынша тұлғаның (жеке тұлғалар үшін) немесе бірінші басшының, не болмаса қол қоюға уәкілеттік берілген адамның (заңды тұлғалар үшін) қолдары қойылып, куәландырылады.

      20. Конкурстық өтінімдер мыналарды:

      1) өкілдер туралы деректер, егер олар бар болса, ондай тұлғалардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса;

      2) қалдықтарды бағалау, сату, оларды кәдеге жарату және жою жөнінде әрі қарай әдісті айқындау үшін құжаттама әзірлеу бойынша, қалдықтар орналасқан аумақтарды рекультивациялау, қалдықтарды жою және кәдеге жарату бойынша әлеуетті қатысушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      3) тіркеме және құрылтай құжаттарының көшірмесін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бірінші басшыға, не болмаса қол қоюға уәкілеттік берілген адамға жарғы және бұйрық) (заңды тұлғалар үшін);

      4) жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлердің тізбесін, қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемі мен түрлерін (жұмысқа тартылған жағдайда);

      5) консорциум қатысқан жағдайда, консорциумға қатысушылардың құрылтай құжаттарының көшірмелерін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бірінші басшыға, не болмаса қол қоюға уәкілеттік берілген адамға жарғы және бұйрық), бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартты (консорциумдық келісім – заңды тұлғалар үшін) ұсынады;

      6) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа қатысу құқығына кепілдік жарна төлемін растайтын құжатты;

      7) Кодекстің талаптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10936 болып тіркелген) "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес келетін келісімшартты іске асыруға бағытталған бағдарлама туралы мәліметтерді, технологияны(ларды) қолдану, іске асыру мерзімі(дері) туралы мәліметтерді;

      8) құжатталып расталған конкурстың және келісімшарттың шарттарын орындауға қажетті әлеуетті қатысушының мүмкіндіктері туралы деректерді, мынадай қосымшалармен:

      қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу), сондай-ақ конкурстың және келісімшарттың шарттарын орындау үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару және (немесе) жалдау құқығында (келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаудың барлық кезеңінде жалдау мерзімімен) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат етілген құжатпен ұсынылған технологияларға қажетті жабдықтың болуы) туралы мәліметтерді;

      қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу), сондай-ақ конкурстың және келісімшарттың шарттарын орындау үшін қажетті басқару мүмкіндіктері (еңбек ресурстарының, оның ішінде персоналдың тиісті біліктілігі, санаты, разряды, сыныбы және еңбек өтілінің бар болуы, тиісті растаушы құжаттарды қоса бере отырып) туралы мәліметтерді;

      қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу), сондай-ақ конкурстың және келісімшарттың шарттарын орындау үшін қажетті қаржылық мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5446) нысан бойынша (салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі жоқ (бар) екендігі және әлеуметтік аударымдары туралы мәліметтер ақшалай қаражаты туралы банктің анықтамасы) туралы мәліметтерді қамтиды.

      21. Әлеуетті қатысушы егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді тарта алады, бірақ көрсетілген қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

      22. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш сағаттан кешіктірмей ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, конкурстық өтінімін кері қайтара алады.

      23. Конкурстық өтінімдер оларды қабылдау күні аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

      24. Конкурстық өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала рұқсат беру хаттамасын дайындайды, оған барлық қатысып отырған конкурстық комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Ұйым барлық қатысушылардың конкурстық өтінімде көрсетілген заңды және электрондық мекенжайларына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді-көшірме жібереді.

      25. Осы Қағидалардың талаптары бұзыла отырып, ресімделген конкурстық өтінімдер анықталған жағдайда, қатысушылар алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді-көшірме жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерін сәйкестікке келтіреді.

      Ескертулер болған жағдайда, қатысушы конкурстық өтінімге қажетті өзгертулерді және толықтыруларды енгізеді.

      26. Қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жойылған бұзушылықтарды ескере отырып, (олар болған жағдайда), конкурстың екінші кезеңіне жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      27. Конкурстық комиссия алдын-ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген ескертулерді жоймай берген қатысушылардың конкурстық өтінімдерін конкурстың екінші кезеңіне жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      28. Конкурстық комиссияның шешімі кворум болған кезінде ашық дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

      Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда жазбаша нысанда баяндалатын өз пікірін білдіреді және ол хаттамада тіркелінеді.

      29. Ұйым конкурстық комиссия шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімде көрсетілген барлық қатысушылардың заңды және электрондық мекенжайларына рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені жолдайды.

      30. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Ұйым конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

      31. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық баға ұсынысын жасайды, оны ұйымға рұқсат беру хаттамасынан оған үзінді көшірме жолданған күнінен бастап, үш жұмыс күні ішінде конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады.

      32. Конкурстық баға ұсынысына баға ұсынысы кіреді және ол қатысушының (жеке тұлғалар үшін) қолымен немесе бірінші басшының немесе қол қоюға уәкілеттік берілген адамның (заңды тұлғалар үшін) қолымен расталады.

      Конкурстық баға ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте қатысушының атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлға үшін) және мекенжайы көрсетіледі.

      33. Конкурстық ұсыныс және конкурстық баға ұсынысы әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

      Ұйымға келіп түскен конкурстық өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары кері қайтаруға жатпайды.

      34. Конкурстық баға ұсыныстарын қарауды және қорытындыларын шығаруды конкурстық комиссия үш сағат ішінде жүргізеді.

      Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде ұйым бейне-аудиожазба жүргізеді.

      35. Конкурс жеңімпазын ең жоғары баға беру негізінде конкурстық комиссия айқындайды. Бірнеше қатысушылар бірдей ең жоғары баға берген жағдайда, ұйым олардың заңды және электрондық мекенжайларына конкурстық баға ұсыныстарын ашу хаттамасын жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға баға ұсынысын қайтадан беру құқығын ұсынады.

      Қайта конкурстық баға ұсыныстары осы Қағидалардың 33-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылады.

      Қайта конкурстық баға ұсыныстарын қарау және қорытындыларын шығару осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған отырысқа қатысып отырған конкурстың барлық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.

      37. Конкурстың нәтижелері шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурстарында орналастырылады.

      38. Конкурс мынадай жағдайларда:

      1) конкурстық өтінімдер болмаған кезде;

      2) конкурстың екінші кезеңіне бір ғана қатысушы қатысқан кезде;

      3) егер конкурстық өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша конкурсқа алдын ала рұқсат беру кезеңінде конкурс талаптарына сәйкес бірде бір өтінім ұсынылмаған жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

      39. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе қайта конкурс өткізуді белгілейді.

      40. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай қатысушымен келіссөздер және конкурстық баға ұсынысында қатысушылар ұсынғаннан кем болмайтын баға бойынша талаптар негізінде келісімшарт жасайды.

      41. Конкурс жеңімпазымен Келісімшарт жасалады. Келісімшарт қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Кодекстің және Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау және жалпы қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгісімен орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.

      Орындалған жұмыстар туралы есеп ұйымға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

      42. Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда, ұйым оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

      43. Осы Қағидалардың 38-тармағының 1) және 3)-тармақшаларына сәйкес конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, ұйым осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қатысушылар мәлімдеген баға бойынша қалдықтарды сату үшін конкурс өткізеді.

      44. Қатысушылар мәлімдеген бағамен қалдықтарды сату бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, осы Қағидалардың 38-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалдықтар талап етілмеген деп саналады.

      45. Қалдықтарды сатудан түскен қаражат мемлекет кірісіне жіберіледі.

3-параграф. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша әрі қарай әдісті айқындау жөнінде құжаттама әзірлеу

      46. Ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша әрі қарай әдісті айқындау үшін құжаттаманы әзірлеуге арналған жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және (немесе) жүргізеді.

      47. Қалдықтарды кәдеге жарату және/немесе жою бойынша әрі қарай әдісті айқындау жөнінде құжаттама қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4-параграф. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою

      48. Ұйым талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жоюды Кодекске және Санитариялық қағидаларға сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

5-параграф. Қалдықтар орналасқан аумақтарды рекультивациялау бойынша жобаларды іске асыру

      49. Ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қалдықтар орналасқан аумақтарды рекультивациялау бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен жобаларды іске асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартады.

      50. Қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды рекультивациялау жұмыстары қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      51. Иесіз қауіпті қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

  Сот шешімімен республикалық
меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды
басқару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауiптi қалдықтарды республикалық меншiкке қабылдау-тапсыру актісі

      20__ жылғы "___"___________ ____________________________

      (актіні жасаған орын)

      Комиссия құрамында _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде

      республикалық меншiкке мынадай құрамдағы:

№р/с

Қалдық түрi

Саны (масса, көлемі)

Алатын алаңы

Қалдықтың қауіптілік деңгейі және коды (қалдықтар сыныптауышы бойынша)

Қалдықтардың орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме








      иесiз қауiптi қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.

      Комиссия мүшелерi:

      ___________ ________________________ ____________

      (лауазымы) (Т.А.Ә.бар болған жағдайда) (қолы)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Сот шешімімен республикалық
меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғалар үшін

Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім

      Атауы

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жері

      ___________________________________________________________________

      (Заңды, негізгі және электрондық мекенжайы)

      БСН________________________________________________________________

      Мемлекеттік тиістілігі_____________________________________________

      Мәліметтер:

      -Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы ____________________

      -басшылар туралы __________________________________________________

      -атысушылар немесе акционерлер туралы:

      __________________________________________________________________

      (жарғылық капиталдағы олардың үлес мөлшерін көрсете отырып

      (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен))

      осы конкурстық өтінімді келесі құжаттармен қоса жібереді:

      1)_________________________________________________________________

      2)_________________________________________________________________

      3)_________________________________________________________________

      4)_________________________________________________________________

      Талап етілетін құжаттар қатаң реттілікпен қалыптастырылады және

      _____ парақта қоса беріледі.

      Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына кепілдік беремін.

      _______________________ ________

      (бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілеттік

      (қолы) берілген адам)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Сот шешімімен республикалық
меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды
басқару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Жеке тұлғалар үшін

Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім

      ТАӘ(бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      ЖСН:_____________________________________________________________

      Мекенжайы:_______________________________________________________

      (тұрғылықты жері бойынша тіркелу мекенжайы және

      электрондық мекенжайы)

      Азаматтығы__________________________________________________

      осы конкурстық өтінімді келесі құжаттармен қоса жібереді:

      1)_________________________________________________________________

      2)_________________________________________________________________

      3)_________________________________________________________________

      4)_________________________________________________________________

      Талап етілетін құжаттар қатаң реттілікпен қалыптастырылады және

      _____ парақта қоса беріледі.

      Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына кепілдік беремін.

      _______________________ ___________

      (конкурсқа қатысушының Т.А.Ә.) (қолы)

  Сот шешімімен республикалық
меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды
басқару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Баға ұсынысы

      Конкурстың атауы__________________________________________________

      Конкурқа қатысушының атауы/ Т.А.Ә._______________________________

      БСН/ЖСН/ _________________________________________________________

      Қатысушының банктік деректемелері ________________________________

      Қалдықтардың атауы ______________________________________________

      Өлшем бірлігі_____________________________________________________

      Саны (көлемі) _________________________________________________

      Жалпы бағасы _____________________________________________________

      ___________________________________ _______

      (конкурсқа қатысушының атауы/ Т.А.Ә.) (қолы)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады