Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17017 болып тіркелді.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 22 мамырдағы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

      Ескерту. Шекті бағалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.12.2018 № 490 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Алматы қаласы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

2.

Алматы облысы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

3.

Шымкент қаласы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

4.

Түркістан облысы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

5.

Жамбыл облысы

18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)

6.

Қызылорда облысы

7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)

7.

Батыс Қазақстан облысы

10 541 (он мың бес жүз қырық бір)

8.

Ақтөбе облысы

5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)

9.

Атырау облысы

6 340 (алты мың үш жүз қырық)

10.

Қостанай облысы

17 305 (он жеті мың үш жүз бес)

11.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

12.

Маңғыстау облысы

12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады