"Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 маусымда № 17024 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8544 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мектеп-интернаттары жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      Пана үйі қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Паналар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Орталықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жинақталмаған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшада:

      Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалаларында:

      6-тармақ алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "6-1. Орталықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының базасында құрылуы мүмкін.

      6-2. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері кәмелетке толмағандар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталыққа өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына кәмелетке толмағандарды қабылдау туралы актінің негізінде қабылданады.

      6-3. Кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарына панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталыққа жолдама беруді отбасының (баланың) өмірлік қиын жағдайда жүргенін растайтын мемлекеттің қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органының қорытындысы негізінде үш жұмыс күні ішінде облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жүзеге асырады.

      Өз бетімен және ерікті түрде өтініш білдірген балалар мен олардың заңды өкілдеріне консультациялық көмек білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Орталық мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.

      Орталықта саны 15 адамнан аспайтын 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған әртүрлі жастағы беске дейін топтар ұйымдастырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кәмелетке толмағандар орталықта оларға көмек көрсету және одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін алты айдан аспайтын мерзімде болады, отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, кәмелет жасқа толғанға дейін.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тәрбиеленушілердің тұруын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелді) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мектеп-интернаттар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмеін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 222 бұйрығына қосымша
Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына қабылдау актісі

      20__ жылғы "___" _________ Қала, аудан___________

      Мен,__________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, әкесінің аты)

      ______________________________________________________________________

      (орталықтың атауы)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      ______________________________________________________________________

      (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, телефоны)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар)

      __________________________анықталған, кәмелетке толмағанды жеткізгені туралы

      акт жасалады.

      Кәмелетке толмағанның белгілері ______________________________________

      (бойы, салмағы, жасы, сөйлей білуі ерекше

      ______________________________________________________________________

      белгілері (меңдер, тыртықтар т.б.) денесіндегі жаңа жарақаттар,

      ______________________________________________________________________

      зорлық әрекеттерінің белгілері)

      Кәмелетке толмағаннан алынды _________________________________________

      (шыққан кезде қайтарылуға жататын

      ______________________________________________________________________

      заттар, бағалы заттар және құжаттар)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанның тегін, аты-жөнін, жасын, ата-аналарын немесе

      басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты жерін, жұмыс

      ______________________________________________________________________

      орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқада деректерді) (сыртынан

      қарағанда кәмелетке толмағанның дені сау, ауру, дене жарақаты бар)

      _________________________________________________ анықтау мүмкін болды

      Қолы _________________________________________________________________

      (актіні толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады