"Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17046 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.10.2022 № 405/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13350 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрі

      Б. Атамқұлов

      2018 жылғы "__"_________

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
  министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 239 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.10.2022 № 405/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "электрондық үкіметтің" архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;

      2) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      3) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;

      4) деректерді басқару – деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.

      3. "Электрондық үкiметтiң" архитектурасын "электрондық үкімет" сервистік интеграторы дамытуды қамтамасыз етеді.

      4. "Электрондық үкімет" архитектурасын дамыту оны ағымдағы жай - күйден жоспарлы нысаналы жай-күйге - цифрлық мемлекетке біртіндеп көшірудің тұрақты серпінді процесі болып табылады.

      5. "Электрондық үкімет" архитектурасының жоспарлы нысаналы жай-күйі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген басымдықтар негізге алына отырып айқындалады.

      6. "Электрондық үкімет" архитектурасын дамытудың алғышарттары:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;

      мемлекеттік органдардың цифрлық трансформация стратегияларының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу;

      бизнес-процестерді реинжинирингтің мақсатты нұсқасына қол жеткізу;

      деректерді басқару;

      "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыру мониторингінің нәтижелері.

      7. "Электрондық үкімет" архитектурасын дамыту келесі түйінді талаптар негізінде жүзеге асырылады:

      цифрлық нысанда көрсетілген мемлекеттік органдардың қызметі мен құрлымы;

      ақпараттандыру саласындағы проблемаларды шешудің бірігей тәсілі (мемлекет азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырады);

      мемлекеттік қызметтердің барлық жерде және белсенді болуы;

      деректерді цифрлық экожүйенің негізгі элементі ретінде пайдалану;

      ашық бағдарламалық кодтарға көшу (ақпараттандыру объектісін құруға және пайдалануға арналған шығындар мен оның жұмыс істеуінен алынған экономикалық тиімділік арасындағы ұтымды арақатынас);

      мемлекеттік қызметшілер озық технологиялар интеграторы ретінде;

      мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен ашықтығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады