Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17066 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 65 (28793) жарияланған);

      2) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14258 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
______________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_______________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 23 мамыр

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
________________ К. Мәсімов
2018 жылғы 25 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 11 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
2018 жылғы 18 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 151 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану
ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);

      2) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші – жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің инвесторы, иесі;

      3) мердігер – теңіз объектілерін құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания) және/немесе жүзбелі жабдыққа тапсырыс беруші тартқан жеке немесе заңды тұлға;

      4) өтініш беруші - теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсатын алу үшін көмірсутектері саласындағы уәкілетті органға өтініш беретін тұлға;

      5) теңіз объектілері - теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу кезінде қолданылатын жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбырлар және өзге объектілер;

      6) теңіз объектілерін пайдалану - теңіз объектілерін мақсаты бойынша пайдалану үшін техникалық шаралар жиынтығы.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібі

1-параграф. Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу

      Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарауының және рұқсат беруінің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өтініш беруші теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде су қорын пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға портал және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сұрау салуды дайындайды және жібереді, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісінің көрсетілген географиялық координаттарын құру мен ауданда орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келіседі.

      Келісуші уәкілетті органдар белгіленген мерзімде жауаптар ұсынбаған жағдайда сұрау салу ескертусіз келісілген болып есептеледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына өтініштің сәйкес келуін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін салуға және орналастыруға рұқсат беруден уәжді бас тарту ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      7-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.

      Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізумен байланысты теңіз объектілерін жобалау

      9. Жер қойнауын пайдаланушылардың (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) бастамасы мен шығыстары бойынша теңіз объектілерін жобалау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Белгісіз тұлғалар тобы, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар қолдану үшін арналған жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғыларын) жобалау азаматтық-құқықтық келісім негізінде жүзеге асырылады.

      11. Құруға және пайдалануға жататын теңіз объектісін орналастыру орнын таңдау теңіз объектісін қауіпсіз салуды және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында теңіз түбі учаскесіне толық геотехникалық зерделеу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      12. Теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды:

      1) құбырлардың, кабельдің және басқа да объектілердің бар немесе жоғын зерттеуді;

      2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз объектісін жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректерді жүзеге асырады;

      3) теңіз объектісін орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе порттарға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ кәсіпшілік, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғау орындарынан, өсiмiн молайту, жайып семірту және балықтардың өріс аударуы үшін аса бағалы учаскелерінен және балық шаруашылығы үшін аса бағалы маңызы бар басқа су жануарларынан тыс жерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерін қоспағанда, теңіз объектілерін құру жұмыс жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.

      14. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді қоспағанда, теңіз объектілерін құруды немесе қайта құруды жобалау алдында, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инженерлік ізденулер (инженер-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.

      15. Инженерлік ізденулер нәтижелері жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін және жұмыстарды жобалауды, қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін қолданылады және мәліметтерді өндеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне жолданады.

      16. Жобалау құжаттамасының құрамына мыналар кіреді:

      1) қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жобалау алдындағы (базалық) бағалау;

      2) теңіз объектісін құруға жоспарланған қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау сатыларын ескере отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуге байланысты теңіз объектілеріндегі авариялық жағдайда (ықтимал) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      4) келеңсіз салдардың алдын алу жөніндегі шараларды (табиғи экологиялық жүйелер мен биоресурстарды қоса алғандағы табиғат ресурстарының жойылуы, тозуы, зақымдануы және таусылуы) қоса алғанда, табиғатты қорғау шараларының кешені бойынша ұсыныстар, ұңғыманы бақылауға алу, су қоймаларының биоресурстарына жасалған зардаптарының орнын толтыру;

      5) өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік санитария және жұмыс істеуші персоналдың еңбегін қорғау, сондай-ақ теңіздегі авариялар мен олардың салдарын жоюға мамандандырылған өзге де ұйымдарды тарту мәселелері;

      6) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерттеу нәтижелері.

      17. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші теңіз объектісін құруды және пайдалануды жүзеге асырғанға дейін халықты хабардар етуді және қоғамдық пікірді есепке алуды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.

3-параграф. Теңіз объектілерін құру және орналастыру

      18. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Теңіз объектілерін құруды аяқтаған соң, осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңіз объектілерін пайдалануға қабылдауды қамтамасыз етеді.

      20. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға бастапқы қабылдауды тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында құру аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып жүзеге асырады.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторының белгілі бір учаскесі (келісімшарттық аумағы) шегінде монтаждау аяқталғаннан кейін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға беруді жер қойнауын пайдаланушы құрған комиссия жүзбелі жабдықтың меншік иесінің (жалға алушының) (жүзбелі бұрғылау қондырғысының кеме иесінің) немесе ол уәкілеттік берген адамның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғауға және әдетте теңіздегі белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын басқа да заңды іс-әрекеттерге кедергі келтірмеу үшін теңіз объектілеріне олардың теңіздегі және ішкі су айдындарында орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды (навигациялық жабдық құралдарды) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Теңіз объектілерінің айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, осындай теңіз объектілерінің сыртқы шетінің әрбір нүктесінен өлшенетін бес жүз метрден аспайтын арақашықтықта созылып жатады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Теңіз объектілерін пайдалану

      24. Теңіз объектілерін және жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалану тиісті объектіні (объектілерді) осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

      25. Теңіз объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға, сондай-ақ су биологиялық ресурстарына қауіп төндірмейтін техника мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, жару және өзге де жұмыстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген аймақтар мен белдеулерді пайдалану режимін сақтай отырып жүзеге асырылады.

      27. Теңіз объектілерін пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібін, сондай-ақ нақты жағдайларды есепке ала отырып, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі қызметкерлердің жедел іс-қимылдарын, өрт сөндіру ескерілген авариялардың алдын-алу жоспары, сондай-ақ теңіз объектілерінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда жұмыс істейтін персонал мен теңіз құрылысының қолданылу аймағында тұратын тұрғындарды көшіру жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      28. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші:

      1) көтеру және бекіту;

      2) түсіру және бастапқы қорыту;

      3) жүзу үстінде құрастыру;

      4) сүйрету;

      5) іске қосу және тік көтеру;

      6) суға батыру;

      7) тіректерді орнату;

      8) соңғы монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

      32. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Қазақстан Республикасының әскери кемелерінен басқа, бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуді қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз объектісінің персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және осыған теңіз объектісін пайдаланатын ұйым басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді.

      34. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) дәл координаталарды көрсете отырып, теңіз объектісінің орналасу орнын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теніз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне және таяудағы порттың басшылығына хабарлайды.

      35. Мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, сонымен қатар жүзбелі бұрғылау қондырғылары Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау ұйымының біреуі куәландырылудан және техникалық бақылаудан өткізген кезде теңізде жүзу қауіпсіздік талаптарына сәйкес салынады және пайдаланылады.

      36. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалар мен бақылау және қадағалау органдарының өкілдеріне теңіз объектілеріне кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді.

      37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдыққа (жүзбелі бұрғылау қондырғыға) тапсырыс беруші "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне террористік көріністерге ден қою функциясын іске асыруға көмек көрсетеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз объектілерін пайдалану аяқталған соң, осындай объектілерді, егерде олар шаруашылық немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға болмайтын болса, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей және кеме қатынасына немесе кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға кедергі келтірмейтіндей етіп демонтаждау қажет.

      Демонтаждалған теңіз объектілері сондай-ақ су биологиялық ресурстарына зиян келтірмеуі керек.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, теңіз объектілерін консервациялау және (немесе) жою көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) тапсырыс беруші теңізде жүзушілерге хабарландыру шығару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне теңіз объектілері жай-күйінің өзгеруі жөнінде мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына 1-қосымша

"Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы – "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру"

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.​egov.​kz, www.​elicense. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

13 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

Порталға:
1) "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі)1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне және Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www. energo. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
  1-қосымша

      Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш

      (қайда)____________________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен)___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық

      атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон,

      факс, электрондық пошта)

      __________________________________________________________________________

      (теңіз объектісінің атауы (маркасы)

      __________________________________________________________________________

      (теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су айдындарында

      көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргіз қажеттілігінің себебі мен

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру

      жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін

      Басшы ____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба 20___ жылғы "___" __________

  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәліметтер нысаны

      1. Теңіздегі объект атауы (маркасы)________________________________________________.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және күні

      ______________________________________________________________________________.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жер

      қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге арналған жобалық құжаттың атауы мен

      бекіту күні

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Теңіздегі объектіні құру мақсаты, мәні мен негіздемесі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіздегі объектінің географиялық

      координаттарының негіздемесі (ендігі, ұзақтығы, өлшемдер және т. б.):

      1) ____________________________________________________________________________;

      2) ____________________________________________________________________________.

      6. Теңіздегі объектіні құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы

      болжанатын кеме және өзге де жүзбелі құралдар туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзбелі құралдар саны ________________________________________;

      2) кеме және өзге де жүзбелі құралдардың атауы _____________________________________.

      7. Теңіздегі объектіні құруды бастау және аяқтау күні _________________________________.

      8. Теңіздегі объектіні пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      9. Теңiздегі объектіні құру және орналастыру кезіндегі жоспарланатын іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту

      құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға

      арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу

      немесе азайту жөнінде

      _______________________________________________________________________________;

      2) теңіздегі объектіде авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ

      балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын,

      өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      10. Теңіздегі объектіні болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және

      гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды,

      алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО деректемелері мемлекеттік тілде


 
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО деректемелері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/рұқсат беруден уәжді бас тарту

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап,
______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].
[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)]





  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО деректемелері мемлекеттік тілде


 
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО деректемелері орыс тілінде

Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға
рұқсат

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Беру орны:

Берілген:_________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілері аумағының географиялық координаттары)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектісінің атауы (маркасы))
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілерін құру мерзімдері)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілерін орналастыру шарттары)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

[тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]





  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Берілді____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      Осы хабарламамен _____________________________________________________МО

      (уәкілетті органның толық атауы)

      Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, көмірсутектер

      саласындағы уәкілетті орган "Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат

      беру" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала

      шешімге_____________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      ұстанымын ________________________________________________________________

      (тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)

      білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган басшысы ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)

      Хабарлама жолданған күні және уақыты:

      20__ жылғы "___" ______ "__" сағат "__" мин

  Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады